26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәсбих намазының сауабы

Тәсбих намазының сауабы

Намаз

Бұл  намазды әрқашан оқуға болады. Аптасына бір рет немесе айына бір рет, тым болмаса өмірінде бір рет оқу керек.

Тәсбих  намазының  сауабы  көп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде немере ағасы Аббасқа: «Саған он пайдасы бар нәрсе үйретейін: мұны орындасаң, күнәларыңның алғашқысы мен соңғысын, ескісі мен жаңасын, біліп істеген мен білмей істеген, үлкені мен кішісін және жасырын жасағаның мен жария жасаған он түрлі күнәңді Алла Тағала кешіреді»,- дейді де, осы тәсбих намазын үйретеді. Хазірет Аббас «Бұл намазды күнде орындай алмаймыз», - дегенде, Алла Елшісі (с.ғ.с.) бұл намазды аптада бір, айда бір, жылда бір, тіпті болмаса өмірде бір мәрте оқу жеткілікті болатындығын өсиет етеді.

Тәсбих намазы төрт рәкаттан тұрады. Тәсбих намазы былай оқылады:

Алла ризалығы үшін тәсбих намазын оқуға ниет етіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып намаз бастайды. Намаздың алғашқы «субханака» дұғасынан кейін, 15 мәрте «Субхан-Аллаһи уәл-хамду лилләһи уә ләә иләһә иллал-лаһу уаллаһу әкбар» тәсбихы оқылады.

Бұл дұға:

«Фатиха» және бір сүре оқылғаннан кейін 10 мәрте;

Рүкүғкте үш рет «субхана раббиял азим» оқылғаннан кейін 10 мәрте;

Рукүғтан тұрғаннан кейін 10 мәрте; Сәждеде «субхана раббиял-ағланы» айтқаннан кейін 10 мәрте;

Сәждеден басын көтеріп отырғанан кейін, екі сәжде арасында 10 мәрте;

Екінші сәждеде «субхана раббиял-ағланы» айтқаннан кейін 10 мәрте;

Осылайша әр рәкәғатта 75 мәрте айтылады. Осылайша үш жүз «тәсбих» оқылады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) немере ағасы Аббасқа тәсбих намазын үйретіп жатып, осы намазды оқыған жанның құм үйіндісіндей күнәлары болса да, Аллаһ сөзсіз кешіретінін айтады[1]. Тәсбих намазында жаңылысқан  жағдайда, сәһу сәждесінде бұл тәсбихтар қайталанып оқылмайды. Бұл намазды оқыған адам тәсбихтарды ойымен санай алса, саусақтарымен санамайды. Имам тәсбих намазын оқытса, жария оқиды. Тәсбихтарды да жария түрде оқиды.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: