26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елбасы Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Ел іші
Жарнама

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Мекке қаласының «Әл-Харам» мешітінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметінен.

Жеделхатта Мемлекет басшысы көптеген адам қаза тауып, жарақат алған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: