Түркістан қаласында 17 сәуір күні құны 10 млн долларды құрайтын мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы «E-islam.kz» хабарлайды.
Қожа Ахмет Яссауи есімі берілген мешіттің құрылысына қажетті қаражатты Түркия Дін істері министрлігі толықтай көтеріп отыр.
2009 жылдың 16 қазанында басталған ғибадатханада бір мезетте 3 мың адамның құлшылық ете алады. Айрықша мешіттің құрылысы түрік пен қазақ халқының достығын паш етерлік ортақ құндылықтар негізінде, дәстүрлі архитектуралық стильде бой көтерді. Мешітте сондай-ақ кітапхана қоры, асхана және кафетерий бар. Мешіт имамдары мен азаншыларына арналған бөлмелер, дәріс сыныптары да қамтылған.
ummet-ақпарат