25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қыз алып қашу абыройлы іс пе?

Ел іші
Жарнама

Таяуда әлеуметтік желі арқылы «қыз алып қашу қажет пе, жоқ па?» деген сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысушылардың 75 пайызы “түбегейлі қарсымын” деп жауап берсе, 25 пайызы “қыздың келісімімен алып қаша беруге болады” деген пікірді ұстанған. Ал егер қыз келіспесе, алып қашқан тірліктері қылмыс болып есептеледі. Сауалнамаға қатысушылардың барлығы шектен шыққандарды жазалауды құп көретіндерін білдірді.

Ал достары арқылы ұйымдастырып қызды қармағына іліп, торына түсірген жігіттер заң алдында 10 жылдан 15 жылға дейін созылатын ауыр жаза күтетінін қаперлеріне ала жүргендері артық болмайды.

«Барымташы» «күйеу балаларға» заң не дейді деген сауалға келсек, жәбірленуші жақ сотқа берсе адамның еркіне, таңдауына шектеу қойып, біреумен отасуға мәжбүрлеу заңмен қудаланады. Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілгендей, “Адам ұрлау” фактісімен қолға түскен жан төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу әбден мүмкін. Сондықтан, әрбір істі ақылға салып, арға жүгініп жасаған қашанда абзал болмақ. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: