07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Имамдар институтында келелі жиын өтті

Ел іші
Жарнама

Имамдар білімін жетілдіру институтында Республика өңірлерінен, Ресей мен Моңғолия елдерінен 80-ге жуық имамдар білімін жетілдіруде. Бүгінде ҚМДБ-ға қарасты Ислам институты дін қызметкерлерінің деңгейін көтеруде айрықша маңызға ие болып келеді. Бұл жайында институттың баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚМДБ басшыларының қатысуымен өткен имамдар жиынында ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев әлем бойынша жер көлемінен 9-шы орынға ие болған Отанымызда Діни басқарма барын, онда 5 мыңдай дін қызметкері халыққа қызмет ететіндігін мәлім етті. Ал ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов шариғи білім саласында баса назар аударатын мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ Мысыр, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Ресей мен Қырғыз елдеріндегі ислам оқу орындарының озық әдіс-тәсілдерімен танысып қайтан ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев отандық білім саласын жетілдірудің жолдары жайында баяндады.

Ал Имамдар білімін жетілдіру институтының директоры Мырзабай Кенжеәлі білім мекемесінің білім саласында жіті бақылауда, талап пен міндетке ғана қызмет қылатынын айтып, өз жоспарымен бөлісті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: