04
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Қайғылы оқиға орнында қазақстандық қажылар болған жоқ

Ел іші
Жарнама

Сауд Арабиясы Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешітінде орын алған қайғылы оқиға кезінде қазақстандық қажылар болған жоқ, деп хабарлайды ҚМДБ Қажылық миссиясы.

Себебі, апат болған уақыттан 5 сағаттан соң Қазақстан қажыларының алғашқы тобы Алматы-Мәдина бағыты бойынша әуе кемесімен бет алды.

Қазіргі уақытта қажылардың алғашқы тобы Мәдина қаласында. 14 қыркүйек күні Мекке қаласына бағыт алады. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық Миссиясы Мәдина қаласында өз жұмысын бастап кетті.

Айта кетейік, қатты жел мен селдің салдарынан «әл-Харам» мешітіндегі құрылыс краны құлаған болатын. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: