31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти: Рамазан айы - жылына бір рет келетін зор мүмкіндік

Наиб мүфти: Рамазан айы - жылына бір рет келетін зор мүмкіндік

Мешіт тынысы
Жарнама

18 мамыр. Астана. Ummet.kz – Наиб мүфти Бауыржан Есмахан «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінде кезекті жұма уағызын өткізді.

Жиналған жамағатқа «Рамазан – рахым айы» тақырыбында уағыз айтқан наиб мүфти Рамазан айының артықшылықтары мен ерекшелігіне тоқталды. Бабаларымыз сағына күтіп, қимай шығарып салатын ұлық айдың қадір-қасиеті туралы жан-жақты тұщымды насихат айтты.

«Рамазан айы жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Ғибадат айында ерекше рухани атмосферада іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға болады. Ал осы бір мүмкіндікті пайдалана алмау нағыз өкінішті жағдайға түсіреді.», - деп бұл айдың тәубе айы екенін тілге тиек еткен наиб мүфти жиналған жамағатқа ораза кезінде тақуалық, шүкірлік, сабырлықтың аса маңызды екенін еске салды.

Сонымен бірге, наиб мүфти берекелі айды пайдалана отырып, отбасы құндылықтарын жаңғыртып, отбасы институтын дамытуға үндеді.

 «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

 

3

4

6

5

 

Бөлісу: