31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти тарауық намазына жиналған жамағатқа уағыз айтты

Бас мүфти тарауық намазына жиналған жамағатқа уағыз айтты

Мешіт тынысы
Жарнама

18 мамыр. Астана. Ummet.kz – Бас мүфти тарауық намазына жиналған жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатпен бірге ауыз ашып, тарауық намазына қатысты. Намазға жиналған жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтаған Бас мүфти:

 «Бүкіл әлем мұсылмандары бүгін Рамазанның алғашқы күніне кірісіп, құлшылықпен Алла Тағаланың ризалығы үшін ораза тұтып жатқан осы бір ұлық сәттерде сіздерді, жамағатымызды, елімізді, жұртымызды тағы да ұлық ай - Рамазанның кіруімен шын жүректен, ықылас-ниетпен құттықтаймын», - деді.

Сонымен бірге, оразаның мәні мен маңызы, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтты.

«Рамазан – сынақ айы. Пенде Алланың берген нығметін қаншалықты Оның ризалығына арнай алатыны сыналады. Жан дүниесі менен ниетін қаншалықты бағыштай алатыны, кіршіксіз тазалық, шынайы ниет және адамның ақыл-санасы да сынаққа түсетін ай», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Тарауық намазынан кейін Бас мүфти бата жасап, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға етті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Бөлісу: