31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти: Рамазан айы – дұға айы

Наиб мүфти: Рамазан айы – дұға айы

Мешіт тынысы
Жарнама

19 мамыр. Астана. Ummet.kz – Наиб мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде тарауық намазына қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатпен бірге Рамазан шатырында ауыз ашып, дастархан басына жиналған дүйім жұртқа Рамазан айының қадір-қасиеті мен өзге айлардан ерекшелігі жайында баяндап берді.

Тарауық намазына қатысқан наиб мүфти «Дұғаның артықшылығы» тақырыбында танымдық насихат айтты.

«Ислам дінінде дұғаға ерекше орын берілген.  Хадистерде «Дұға – құлшылықтың мәйегі, діннің өзегі, аспан мен жердің нұры» делінеді. Міне, осы дұға арқылы бүкіл жаратылыс өзінің болмысын сақтап тұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құлшылыққа қандай мән беру керек болса, дұғаға да соншалықты мән беру керек екенін айтқан», - деді Алау Әділбаев.

 Аллаға сенген, Алланың тағдырына сенген, Алланың күшіне сенген, Алланың құдіретіне сенген мұсылман адам әрбір істе Алла Тағаладан сұрау керек екенін тілге тиек еткен наиб мүфти былай деп түйіндеді:  

«Құрметті жамағат! Рамазан айы – құлшылық айы. Рамазан айы – дұға айы. Рамазан айы – истиғфар айы. Құлшылықта қаншалықты мән беруіміз керек болатын болса, дұғамызға да соншалықты мән беруіміз керек».

Наиб мүфти тарауық намазының соңында еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

4

5

Бөлісу: