01
Жұма,
Қараша

һижри

«Жібек» қыз-келіншектер клубы салауатты өмір салтын ұстану шеберлік сағатын өткізді

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы мен «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасына арналған шеберлік сағаты өтті.

Fitnes (5)

Рухани жаңғырудың өзекті мәселелрдің бірі – салауатты өмір салтын ұстану десек, осы мақсатта ұйымдастырылған шеберлік сағатында арнайы лицензиясы бар тренер-жаттықтырушы Амиргалиева Ұлпан Мақсатқызы қыз-келіншектерге, аяғы ауыр әйелдерге арналған түрлі жаттығулармен бөлісті.  Екі жарым сағатқа созылған шеберлік сағатында әйел жамағатына салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы көптеген ақпарат айтылды. Әсіресе, күнделікті қандай жаттығулар жасау керек, қандай жағымды әдеттерді әдетке айналдыру керек екендігі, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу және т.б. көптеген пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар жиналған қыз-келіншектер бір сағаттық «фитнес микс» бағдарламасы бойынша пайдалы жаттығулар жасап, шеберлік сағатынан шымырланып шықты.

Айта кетейік, алдағы уақытта мұндай шеберлік сабақтары жалғасын табады деп күтілуде. Осы орайда, сіздерді де «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшесі болуға шақырамыз.

Fitnes (8)

Fitnes (14)

Fitnes (4)

Fitnes (9)

Fitnes (11)

Fitnes (6)

Fitnes (13)

ummet.kz

Бөлісу: