Мешіт көркі – жамағат. Ал, құлшылық үйінде жиналған мұсылмандардың береке, бірлігі дініміздің негізгі тірегі болмақ. Сол себепті мешіттегі мүміндердің имам, ұстаздармен, жалпы жамағатпен қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінеді. Осындай игі мақсатта «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқановтың ұйытқысымен жамағатқа ас берілді.
Бірлігі жарасқан жамағаттың құптан намазынан кейінгі дастарқанында елорда мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов «Ислам – ынтымақ пен бірліктің діні» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Басқосу барысында халқымызға тән қонақжайлылық, бауырмалдық, адамдар арасындағы мейірімділік сынды бағытта мағыналы әңгіме өрбіді.
Отырыс соңында мешіт жамағаты жаңа қызметке тағайындалған бас имамға жылы лебіздерін білдіріп, еңбегінің жемісті болуын тіледі.
ummet.kz