29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Құранды хатым еткен қарилар марапатталды

Мешіт тынысы
Жарнама

Қадір түні «Нұр Астана» орталық мешітінде Тарауық намазы оқылып, Құран хатым дұғасы жасалған соң, Рамазан айының басынан бері Құран Кәрімді толығымен хатым еткен қарилар марапатталды.

Құранды жатқа білетін жандардың Алла алдында да адамдар алдында да мәртебесі жоғары. Пайғамбарымыздың хадистері мен  Қасиетті Құран аяттарында қарилардың артықшылығы жөнінде кеңінен баяндалады. Қияметте олардың ата-анасына нұрдан тәж кигізіледі. Ал, осы өмірде жаттаған аяттарын оқып, соған сай амал істесе, жәннаттағы дәрежесі жоғыралай береді. Қазақ халқының да қариларға деген ықыласы ерекше. Оларды құрметтеу салтымызда бар. Имамдыққа шығарады, сыйлап төрін береді.

Рамазан айының бірінші күнінен «Нұр Астана» мешітінде оқылған Тарауыққа Әл-Азхар универсиетінен келген мысырлық Саид Ахмад Мухаммад ұстаз, Малайзия мен Индонезияда өткен халықаралық және әлемдік Құран жарысының қатысушысы Мұртаза Балахмет пен 2015 жылы Малайзиядағы 70 мемлекет арасында өткен Құран жарысында алғашқы үздік ондыққа кірген Шоқан Уәлиев атты  қарилар имамдық жасады. Құран толығымен хатым етілген Қадір түнінде қариларға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы шапан жауып ілтипат білдірді. Жиналған жамағат та құрмет көрсетіп, өздерінің сый-сыяпаттарын ұсынды. 

IMG 3169

IMG 3068

IMG 3243

IMG 3224

IMG 3235

ummet.kz рухани-ағарту порталы

Бөлісу: