29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

«Төлебай «мешітіндегі Қадір түні (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Қадір кешінде құптан намазы таяған уақытта «Төлебай» мешітіне ағылған халық қарасы көп болды.

Қадір түніне жиылған мұсылман қауымы жамағатпен құптан және тарауих намаздарын оқып, қасиетті Рамазан айы бойы «Нұр-Астана» медресесінің ұстазы Абделмонейм Ибраһим Ахмед Ибраһим  және «Қауам ад – Дин әл – Итқани әл – Фараби әт – Түркістани» Республикалық қарилар дайындау орталығының түлегі Данияров Эрбек Эралиевич оқыған Құран хатым аяқталып, қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ыңтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тіленіп дұға жасалды.

Құран хатым бағышталып, қарилерге құрмет көрсетілгеннен кейін «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов көпшілікке Қадір түнін құлшылық-ғибадатпен қалай өткізу керектігін, ислам дінінің құңдылықтарын және имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаздарды қалай дұрыс оқу керектігі жайлы жан-жақты түсіндіріп уағыз-насихат айтты. Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітте 200 адамға және «Тағам» кафесінде 150 қария мен апаға сәресі берілді.

Таң намазы оқылғаннан кейін мешітте Қадір түнін қарсы алған жамағат үйлеріне тарасты. Жұртшылық «Төлебай» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауих намазына ризалық білдіріп, имамдарға алғыс айтты.

Tolebaikadyr2

Tolebaikadyr3

Tolebaikadyr4

Tolebaikadyr5

Tolebaikadyr6

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: