29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Астаналықтар Қадір түнін қалай қарсы алды?

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде астаналық жамағат пен қала қонақтары Қадір түнін қарсы алуға жиналды. Қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың санында шек болмады. Құптан намазын мешітте оқуға ниет еткен жамағат тарауық намазына қатысып, бір сапта тұрып құлшылық жасады. Мың айдан да қайырлы Қадір түнін өткізуге келген мұсылман қауымының белсенділігі шынымен қуантты.

Аллаға алғысын айтып, жайнамаз үстінде шүкіршілік айтып, жылап жатқан жандардар құдды бір әсерлі суреттей көпшілікке ерекше ой салды, ойландырды. Бұл түні жасалатын дұғалардың қабыл болатынына нық сеніммен келген әрбір мұсылман жүзінен мейірім мен шүкіршілікті байқауға болады. Алла Елшісі (): «Түнгі намазға аса маңыз беріңдер. Оны сендерден алдыңғы өткен ізгі кісілер үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз – Жаратушыларыңа жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі істерге баруға тосқауыл болады»  деген еді. Намаздан соң жиналған жамағатқа «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Оразадан кейінгі жағдайымыз», «Иманның анықтамасы мен ләззаты» тақырыптарында уағыз, насихат айтылды. Мешітке сыймай қалған жамағат мешіт сыртына арнайы орналастырылған лед экрандардан уағыз тыңдауға мүмкіндік алды. Міне, осылайша биылғы Қадір түні де асыл дініміздің тарихына айналып үлгерді. Бүгін мешітке жиналған жамағаттың жүрекпен жасаған құлшылықтары қабыл болғай! Түнгі намаздан жүрек тыныштығын тапқан әрбір мұсылыманға Алла разы болсын!

 

IMG 2869

IMG 2859

IMG 2882

IMG 2891

IMG 2894

IMG 2919

IMG 2928

IMG 2940

IMG 2977

IMG 2994

IMG 2999

IMG 2995

IMG 3046

IMG 3276

IMG 3299

 

 

ummet.kz

Бөлісу: