Астана мешіттерінде дәстүрлі дін құндылықтары қарқынды насихатталуда. Қала іргесіндегі «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде осындай кезекті салиқалы кездесу өтті.
Игі шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметов жергілікті жамағатпен кездесті. Кездесу барысында Ғ.Ахметов «Ата-ананың құрметтеу» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз соңынан «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбубәкіров бастамашы болып, жиылған жамағатқа арнайы дастарқан жайылды. Дастарқан басында мешіт жамағаты имамға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі