01
Жұма,
Қараша

һижри

«Әке мен бала» форумы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласы «Төлебай» мешітінің наиб имамы Дастан Зияшұлы Күйгенжар ауылындағы №42 орта мектепте өткен «Әке мен бала» форумына қатысты.

«Әке мен бала» форумына қатысушылар қазіргі қоғамдағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынастағы өзекті мәселелер талқылап, нарықтық заман кезінде жоғалтып алған қазақи құңдылықтарды жаңғырту үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздеді. Мектеп ұжымы ұйымдастырған форум «Менің әкеммен өткізген қызықты сәттерім» атты көрмемен басталды, осыдан соң шараға жиылған әкелер өзара танысып, тренинг өткізді. «Бала тәрбиесіндегі әке жауапкершілігі қалай?» тақырыбында әке тәрбиесі қандай жолмен және қалай берілуі керектігі турасында ой қозғалып, қатысушы ер азаматтар өз пікірлерін айтты. Түскі үзілістен кейін «Өскелең ұрпақтың бойында азаматтық әлеуметтік жауапкершілікті, рухани адамгершілікті қалыптастыруда әкелер рөлінің өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 «Төлебай» мешітінің наиб имамы Дастан Зияшұлы бала тәрбиесінде жіберген олқылықтарды жойып, егеменді еліміздің болашағы болатын иманды да намысты, білімді де тәрбиелі ұрпақ қалдыру үшін әкелердің балаларға беретін тәрбиесі ерекше екеніне тоқталып, тақырып төңірегінде уағыз-насихат айтты. Форум соңында мектеп ұстаздары форумға қатысқан көпшілікке сертификаттар беріп, алғыс-тілектерін білдірді.

Akemen1

Akemen2

Akemen3

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: