«Төлебай» мешітінде Миғраж түні құрметіне нәпіл ораза ұстаған жамағатқа ақшам намазынан кейін дастархан жайылып, ауыз ашар берілді.
Еске салсақ, 19 сәуір күні Астана қаласында «Ислам және өркениет» тақырыбында ІІ республикалық имамдар форумы өткен болатын. Мешіт жамағатына арналған кеште осы форум барысында қабылданған өте маңызды екі құжаттың бірі «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы» түсіндірілді.
«Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат қажы Сапашұлы ауызашар дастарқанында жұртшылыққа аталмыш құжатты жан-жақты түсіндіру мақсатында белгілі дін ғалымын шақырып, әсерлі кездесу өткізді. Кешкі кездесуде Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди сенім мектебінің қазақ топырағында таралып, жергілікті халық санасына сай түскен сенімнің сіңісіп, ата-бабаларымыз дәстүрлі жолды бүгінгі ұрпаққа аман-есен жеткізгенін тарих беттерінен дәлел-дәйектермен жеткізіп түсіндіру үшін белгілі дін ғалымы, көптеген діни кітаптар авторы Абдулла Жолдас ақсақал арнайы келді.
Дін ғалымы Абдулла Жолдас ақсақал Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі туралы және жалпы ислам дінінің құңдылықтары жайында уағыз-насихат айтып, жиылған жамағаттың ризашылығына бөленді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі