28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Шахан тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Астана мешіттерінен Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентінде қайғылы жағдайға тап болған тұрғындарға гуманитарлық жүк тиелген көліктер жіберілді.

 

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні Шахан кентінде көпқабатты үйдің қабырғалары сөгіліп, апатқа ұшыраған болатын. Бұл жағдай барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Жер-жерде орны толмас сынақты бастан кешіріп отырған кент тұрғындарына көмек көрсету орындары ашылып, бұқара жұрт жұмыла бірігіп, демеу болуда.

Елорда мешіттері де осы маңызды миссияны қолға алып, ет жақын туыстары мен бауырларынан, дүние-мүлкінен айырылған халыққа қолдау көрсетті. Айта кетсек, ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде осыған дейін орын алған апатты уақиғалар кезінде астаналық мұсылман қауымы бірауыздан бірігіп, гуманитарлық жүк көліктерін жөнелткен болатын.

Шахан кентіндегі жағдай барша халыққа үлкен жауапкершілік жүктеді. Астана қаласы өкілдігіне қарасты 7 мешіт пен ҚМДБ Зекет қорының филиалы жалпы сомасы 1 378 000 теңге көлемінде қайырымдылық қаражатын жиды. Қала мешіттері пунктерінде гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік, қыстық жылы киім-кешектер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар жиылды.

«Қиындыққа тап келген отандастарымызға қол ұшын созу біздің мұсылмандық әрі азаматтық міндетіміз. Астана мешіттері осы мақсатта ілгергі үрдіспен «Астана асарын» ұйымдастырды. Бұл жағдайға мұсылман жамағаты бей-жай қарамай, ұйымшылдықпен шараның басы-қасынан табылды. Асыл дініміз осыған үндейді. Қайырымдылық қазақтың қанына сіңген қасиет болғандықтан біз қашанда қамкөңіл жандарға демеу болуға әзірміз» деді ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен     Қарағанды облысының әкімдігі, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарына толықтай жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылданып, төтенше оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері қаза болғандарды жерлеу үшін олардың туыстарына көмек көрсетуде.

IMG 5142

IMG 5148

IMG 5149

IMG 5162

IMG 5169

IMG 5172

IMG 5176

IMG 5184

IMG 5199

IMG 5206

IMG 5236

IMG 5243

IMG 5247

IMG 5251

IMG 5252

IMG 5254

IMG 5258

IMG 5264

IMG 5270

IMG 5274

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: