28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Белгілі исламтанушы Астана мешіттерінде уағыз айтты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Дін – қашанда маңыздылығымен қатар өзектілігін жоймайтын мектеп. Халықтың таным-тарихымен тамыры біте қайнаған дәстүрлі дін насихаты да  бүгінгі күннің тәртібінен түспейді.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы осы мақсатта бірнеше жыл қатарынан жемісті жұмыс жүргізіп келеді. РАНТ мүшесі, Діни басқарманың Шариғат және пәтуа бөлімі бас маманы, белгілі исламтанушы Сансызбай Құрбанұлы осындай маңызды міндеттермен Астана қаласына келді.

Екі апта ішінде Сансызбай Құрбанұлы қала мешіттерінде түйткілді тақырыптар төңірегінде уағыз-насихат айтты.  Атап айтар болсақ, жұма күндері «Бір Аллаға сыйыну», «Отбасы дағдарысы және бақытқа бастар жол» тақырыбында, кешкілік намаз уақыттарында «Ихия Ғулумуд-Дин» кітабынан "Мұсылманның жан-дүниесі", "Мұсылманның шынай келбеті", "Қалыб, рух және нәпсі", "Мұсылманның қоршаған ортамен байланысы", "Мұсылманның достықтағы адалдығы", "Пәтуа әдіснамасы", "Мұсылманның туыстармен қарым-қатынасындағы негізгі ерекшеліктер", "Ислам дініндегі еңбек және кәсіп", "Тіл апатынан сақтану", "Фиқһ ғылымының ерекшеліктері" тақырыптарында дәріс  қамтыды.

Мешіт жамағатының діни сауаттылығын, имани әлеуеттін арттыруға бағытталған дәрістер барысында көпшілік көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Айта кетсек, бүгінде РАНТ-мен бірге аймақтық Жергілікті ақпарат насихат тобы да қала бойынша бекітілген бағдарлама негізінде жұмыс істейді. Астаналық ЖАНТ мамандары осы орайда қарқынды қызмет етеді.

IMG 5340

IMG 5357

IMG 5362

IMG 5372

IMG 20170111 WA0008

IMG 20170111 WA0009

IMG 20170111 WA0010

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: