26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мешіттің әйел жамағатына уағыз айтылды (ФОТО)

Бас мешіттің әйел жамағатына уағыз айтылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Кеше «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы «Әр сәтіңе шүкір айт!» тақырыбында әйел жамағатына насихат жүргізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы әр жұма сайын насихатқа толы кездесу өткізуді дәстүрге айналдырған. Осы апта кездесуге арнайы шақырылған Қарлығаш Қажымәлікқызы шүкіршілік ету мен оның пайдалары жөнінде және қанағатсыздықтың залалы жайында келелі сұхбат жүргізді.

Сондай-ақ, «Берекелі жұма» дастарханы жайылып, қыз-келіншектердің өзара еркін пікір алмасып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алуларына мүмкіндік туды.

Кеш соңында ақ жаулықты әжелер тағылымды басқосу үшін мешіт қонағына алғыстарын айтып, ақ батасын жаудырды.

Ustaz1

Ustaz2

Ustaz3

Бөлісу: