26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Нұр Астана» мешіті: «Пәтуалар жинағы» жаңа кітабының танытымы өтті

«Нұр Астана» мешіті: «Пәтуалар жинағы» жаңа кітабының танытымы өтті (ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

27 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін қасиетті жұма күні мешітке жиналған жамағат ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған «Пәтуалар жинағы» 2-кітабының танытымына қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жаңа кітаптың тұсаукесерінде сөз сөйлеген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі жетекшісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мүфтияттың шариғи үкімдерге қатысты қандай да бір мәселеге пәтуа беруге толық қауқарлы екенін айтып өтті.

«Елімізде кей азаматтар дұрыс діни ақпараттарды алуға болатын сенімді дереккөздерден хабары болмағандықтан шетел діни орындарының ақпараттарына сүйеніп, іс-әрекет етіп жатады. Бұл халық ішінде аса құптарлық жағдай емес. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, олардың жинағын кітап етіп шығаруда.

Тек қана 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берілді.  Сондай-ақ, қала, облыс орталықтарындағы мешіттерде call center жұмыс істейді. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап бере алады. Сондықтан да шетелдік діни ақпарат көздеріне емес, еліміздегі ұлттық қайнармен сусындаған, дәстүрлі діни құндылықтарымызды байрақ еткен мүфтияттың таратқан ақпаратына сүйенсек ел ішінде де ауызбірлік пен ынтымақ болары даусыз,» -  деді Хасан Аманқұлов.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған «Пәтуалар жинағы» 2-кітабының танытымынан соң мешіттің тұрақты жамағаты мен ақсақалдарына жаңа кітап тегін үлестірілді.

2

2

2

2

2

Бөлісу: