25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандық малының жасы қаншада болу керек?

Құрбандық малының жасы қаншада болу керек?

Құрбан Айт
Жарнама

Сахаба Жәбирден жеткен хадисте Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Тиісті жасына толмаған малды құрбанға шалмаңдар. Егер бұл сендер үшін ауыр болса, онда алты ай толған қойларды шалуларыңа болады»,- деген. (Муслим). Имам ән-Нәуауи: «Бұл хадисте белгілі жасқа толмаған малды мерекелі Құрбандыққа шалуға рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, бұдан тек қой ерекшеленеді», - деген. 

Ал құрбандық малдарының жастарына келер болсақ, онда:

- түйенің ең аз жасы – бестен басталады; 

- сиыр-бұқаның жасы – екі жастан;

- ал қой-ешкінің жасы бір жастан басталады. 

Қой мен қошқарға келер болсақ, онда шариғат оларға ерекшелік жасап, егер қой-қошқар ірі болса, онда бір жасқа толмағанын да шала беруге рұқсат етті. 

 

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: