25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір қойды ақиқа және Құрбан ретінде шалсам бола ма?

Бір қойды ақиқа және Құрбан ретінде шалсам бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Ақиқа құрбанын, құрбан айтта шалынатын құрбандықпен біріктіріп жіберуге бола ма? 

Құрбан айт күні бір сиырға жетеудің бірі болып, ақиқа құрбанын шалу ниетімен қосылуға болады.  

Бір қойды – әрі ақиқа ниетімен, әрі құрбан ниетімен шалу мәселесі Ислам ғұламалары арасында таласты мәселе. Хасан әл-Басри, Ибн Сирин және Имам Ахмад сынды ғұламалар, олай етуге болады десе, Имам Мәлик болмайды деген. 

Ал, Ханафи мәзхабы ғұламаларының айтқан ереже-қағидаттарына сүйенсек, аталмыш тақырыпты екі жағдайға бөліп қарастырған жөн:

1. Егер құрбан шалғысы келген адам байлар қатарынан саналып, құрбан шалу уәжіп болса, құрбандық уақытында оған бір қойды әрі ақиқа ниетімен, әрі құрбандық ниетімен шалуына болмайды. Алдымен уәжіп болған құрбанын шалып, кейіннен қаласа ақиқа құрбаны үшін өз алдына бөлек құрбан шалуына ерікті. 

2. Егер, құрбан шалғысы келген адам кедейлер санатынан болса, оған құрбан шалу уәжіп емес, мәндуб деген сөз. Сондықтан, кедей кісі үшін бір құрбанды - әрі ақиқа ниетімен, әрі құрбан ниетімен шалса, екеуіне де саналады деуге болады. Өйткені ережеде: «Екі нәпілді бір ниетпен орындаса (екеуіне де ниет етсе), онысы екеуіне де есептеледі» делінген[1]. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Ақиқа – бала туылғаннан кейін, перзент берген Аллаға шүкіршілік мақсатында сойылатын құрбанның түрі.

Үкімі – Ханафи мәзхабында мубах, яғни, ерікті амал. Оның басқа бір атауы «ән-нәсика».

Ақиқа құрбанын бала балиғат жасына жеткенше союға болады. Әйтсе де, мүмкіндік болса, туылғаннан кейін жетінші күні сойған абзал. Жетінші күні баланың есімі қойылып, шашы алынады, алынған шашының салмағындай алтын немесе күміс садақа беріледі, мұның үкімі – мұстахаб (ұнамды). Әрі сол күні ақиқа құрбанын шалған жақсы.

Ақиқа құрбанын шаларда: «Аллахым, сенен келген және сен үшін шалынғалы тұрған пәленшенің (сәбидің аты аталады) ақиқасын қабыл ет. Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар!» деп айтады[2]. 

[1] Ибн Нүжәйм: әл-Әшбәһ уән-Назаир. 1/146 бет.
[2] Әл-Һәсәми: Мәжмәъуз зәуәид.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: