26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйел үнемі күйеуінің ұнатқан асын жасауы шарт па?

Әйел үнемі күйеуінің ұнатқан асын жасауы шарт па?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Үйде тек ерінің қалаған тамағын жасау керек пе? Ерінің «палауға картоп қосып істе» деген секілді талаптарына қарамай, анда-санда өзге ас жасауға бола ма? Өзіме жеке жасауға уақыт бола бермейді. Оның үстіне жеке-жеке тамақ жеген де дұрыс емес.

Мұсылман әйел мүмкіндігінше ерінің көңілінен шығып, оны разы ету жағын ойлайды. Хадисте: «Күйеуі разы болған халде о дүниеге аттанған әйел пейішке кіреді», – делінген. Мұсылман ер де өз кезегінде зайыбына Алланың аманаты ретінде қарап, оны құрметтеуі тиіс. Өйткені дініміз құдай қосқан қосағына жақсы мәміле жасауды бұйырған. Үнемі ерінің айтқан асын жасау шарт емес. Әрине, халық арасында «еркектің жүрегіне жол – асқазан арқылы» деген сөз бар. Бірақ бұл отағасының тек өзі ұнатқан тағам түрін жасатып, өзгелердің талғамымен санаспасын деген сөз емес. Отанасына өзінің ас мәзірі бойынша тамақ жасауына рұқсат бергені дұрыс. Кейде ұнамайтын тағам түрі әзірленген жағдайда мін тақпай, түсіністік танытуы тиіс. Пайғамбар әдебі – осы. «Сахих Муслим» хадистер жинағында келтірілген риуаятта Әбу Һурайра (Алла разы болсын) былай дейді: «Алла елшісі (с.ғ.с) ешқашан асқа мін таққан емес. Алдына қойған асты ұнатып, тәбеті тартса жейтін, ал зауқы соқпаса, жемей қоя салатын».

материал «Заман тудырған сұрақтар, ІІ том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: