28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Жар таңдауға екі жастың білім деңгейінің әсері

Жар таңдауға екі жастың білім деңгейінің әсері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Біздің ғасырымыз – ғылым мен білім, техника мен технологияның ғасыры. Сондықтан болашақ отау құратын жастарда бұл заманның талабына сай ғылым мен білімнен, техника мен оның тілі болған технологиядан басқалардан артта қалмауы шарт.

Логикалық тұрғыдан алып қарағанда, оқыған білімді адам өзінің болашақ жарының да оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалайды. Дәстүрге берік, тәрбиесі дұрыс, діндарлығы жақсы адам өзінің болашақ жарының да өзі сияқты болғанын қалайды. Демек, бұл өмірдің заңдылығы, әрине, кез келген қазіргі заман адамы өзінің қоғамына сай қажетті білімдермен сусындап, заман талабына сай заңдылықтармен өмірге қажетті нәрселерді білуі тиіс.

Дегенмен үйленетін жастар тек қана білімді болса болды, мәселенің бәрі шешіледі дегенойдан аулақпыз. Қазіргі адамзат қоғамына кешеден бүгінге қарасақ, соғыстар мен қолдан жасалған аштықтар, жаулап алушылық пен тонаушылық, қоғам дамыған сайын адамдар арасындағы ұят пен сенімнің кетуі, ата-аналардың қарттар үйінде, балалардың жетімханада бағылуы тек надандар, ғылым мен білімнен, техника мен технологиядан хабары жоқтар ғана істеп жатыр деп айта алмаймыз. Керісінше, бұл қателік әлдеқайда ғылым мен техникасы дамыған елдерде салыстырмалы түрде өте көп.

Сондықтан әр нәрсе өзінің өлшемімен болса, шешілмейтін мәселе жоқ. Қанша жерден жоғары білімі бар біршама жоғары оқу орнын бітірген дипломы бар болғанымен, алайда ұлттық құндылықтар мен адамгершіліктен жұрдай болса, ондай білімнің не пайдасы бар?

Болашақ үйленетін қыз бен жігіттің бойында қазіргі заман талаптарына сай міндетті түрде болуы керек ең төменгі деңгейде болса да төмендегідей сауаттылық болуы шарт.

Еркектер үшін:

1. Спорт

2. Алғашқы медициналық жәрдем

3. Үй ішін жөндеу

4. Электрик

5. Сантехник

Әйелдер үшін:

1. Алғашқы медициналық жәрдем

2. Массаж жасау және бала күтімі

3. Тамақ жасау

4. Киім тігу немесе жамау

5. Заман талабына сай электроника қолдана білу.

материал «Жұбайлар құпиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: