28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Байлықтың жар таңдаудағы әсері

Байлықтың жар таңдаудағы әсері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жар таңдау туралы хадисте айтылғандай, жарды таңдау керек сипаттардың бірі – байлығы, мал-мүлкі, материалдық жағдайы болғаны кім үшін де маңызды нәрсе. Алайда үйленудің басты мақсаты, жар таңдаудың негізгі факторы ол болмауы керек. Әсіресе қыздар жағы болашақ жігітінің машинасы, алатын айлығы, жақсы үйінің болуын қалайды.

Алайда байлық адам өмірі үшін қажетті нәрсе болғанымен, ол – адамның жақсы-жаман болуының негізгі өлшемі емес. Себебі «дүние – қолдың кірі» демекші, бүгін бар нәрсе ертең қас қағым сәтте жоқ болып, кеше ғана ақшаны судай сапырған адам кедей болып қалуы ғажап емес. Оның үстіне дүние мен байлық жүрген жерден адалдық, жанашырлық, мейірбандық, бір-біріне деген құрмет алыстап, олардың орнын менмендік, тәкаппарлық, кеудемсоқтық, көзбояушылық, қатігездік, сатқындық басатыны өмірде көп болған жағдай. Дегенмен байлықтың да жөнімен қолдана білсе пайдасы көп. Алайда дұрыс қолдана білу үшін жоғарыда айтқанымыздай, оны басқарып, дұрыс қолдана алатын рухани құндылықтарға толы жан сұлулығы болу маңызды.

Қысқа әңгіме

Ауылдағы қарапайым ғана мұғалім отбасында өмірге келген Әлия ауылдан университетке келген сәттен бастап жатса-тұрса арманы қалада тұратын ауқатты, жағдайы жақсы бір жігітке күйеуге шығу болды.

Себебі жастайынан отбасынан көрген жұпыны, қарапайым өмір, достарының қолдары жеткен заттарға дер кезінде оның қолының жетпеуі Әлияны жастайынан осындай байлығы мол отбасында өмір сүрсем деген арманына себеп болды.

Арманы орындалып жағдайы жақсы отбасында өскен Әділ де Әлияның басын айналдырды. Әділдің ай сайын ауыстыратын көлігі, баратын мейрамханалары мен апта сайын баратын кинолары, киетін киімдері, әкесінің қаланың орталығынан алып берген үйі – бәрі-бәрі Әлияның есін шығарды. Көктен тілегені жерден табылғандай болған Әлия Әділ не десе соған көнетін болды. Күндер өте келе университеттің 4 курсын бітірмей жатып-ақ қос ғашық үйленуге ата-аналарымен ақылдаспастан шешім қабылдады.

Екі жастың қалауына құрмет еткен ата-аналары да асығыс қабылданған бұл тосын сыйды қаламаса да амалсыздан тойларын жасап беруге барын салды.

Алғашында бәрі жақсы еді, мәселенің бәрі жігіттің тойына келген қыздың туыстарының әкелген киіттерінің қарапайым болуынан екі жақтың керістері басталды. Шегінерге жол жоқ, ақыры болар той болды. Әлияның арманы тек екі аптаға ғана созылды. Кеше ғана өзін өліп-өшіп сүйіп жүрген жары Әділді бір аптада танымай қалды. Оған себеп оның ата-анасының «кедейдің қызын алдың, ол сенің теңің емес, біз бұндай «мәдениетсіз» келінмен қалай достарымыздың алдында жүре аламыз» деп, күн сайын балаларының құлақ етін жегені, Әлияны кедейдің қызы деп менсінбеуі, отырса опақ, тұрса сопақ етіп шетке қағуы Әділдің бұған деген махаббатын одан әрмен суытты. Тіпті Әділ бара-бара тәуліктеп үйге келмейтінді, тіпті апталап далада қаңғитынды шығарды. Бір жағынан үй жұмысымен қоса аяқталмаған университетіне оқуға бару үшін де Әлия баяғы қоғамдық көліктерді пайдалануына тура келді. Себебі кеше ғана үйленгенге дейін университеттің алдында сағаттап күтетін Әділдің көрер қызығын көргеннен кейін қазір қайда жүргені де белгісіз.

Әлия үшін ең ауыры аяқсыз қалған сабағынан академия алып шығуына тура келді. Себебі оны төлеп, жалғастырып оқитын қаржыны Әділ де, оның ата-анасы да бермейді. Өз ата-анасынан сұрайтын беті де жоқ. Амалсыз қалған Әлия жалақысы аз да болса жұмыс тауып істеуіне тура келді.

Өмірлік тәжірибесі не дипломы жоқ жас қызға кім жұмыс берсін, амалсыз Әділдің таныстарынан қарайын деп Әділден көмек сұрады, алған жауабы: «Басымды ауыртпа, онсыз да сенімен үйленем деп ата-анамнан сөз естіп, туыстарым мен достарымның алдында беделім түсті», – деп салды. Әлияның басы қатты...

Сол кезде үйлену туралы шешім қабылдар сәтте не үшін анасының ақылын алмағаны есіне түсіп қатты өкініп жылады. Өмірдің мәні ақша мен байлық емес екенін Әлия енді түсінді.

материал «Жұбайлар құпиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: