28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Үйленуге ынталандыратын аят-хадистер

Үйленуге ынталандыратын аят-хадистер

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бұл тақырыптағы аяттар:

1. «Араларыңдағы үйленіп, өз алдына отау құрмағандарды һәм құлдарың мен күңдеріңнің арасындағы ізгі жандар мен үйленіп, үй болуға жарайтындарды үйлендіріңдер» (Нұр, 24/32).

2. «Шариғатқа қайшы келмейтін қоғамдағы ғұрыпқа сай оңтайлы шарттар негізінде өзара келісетін болса, онда әйелдерге бұрынғы күйеулерімен қайта некелесуіне кедергі болып, қысым көрсетпеңдер» (Бақара,2/232). Бұл аят та үйленуге тыйым салудан қайтарады.

3. «Сенен бұрын да талай пайғамбар жібердік һәм оларға да жар сүюді, ұрпақ сүюді нәсіп еттік» (Рағыд, 13/38) аятында да Алла тағала пайғамбарларды мақтағанда олардың үйленіп, бала-шаға сүйгендігін білдірген.

4. «Олар: «Уа, Раббымыз! Әйелдерімізді және үрім-бұтағымызды (тура жолға салып) көз қуанышымыз еткейсің! Һәм бізді тақуалықта өзгелерге имам (жетекші әрі үлгі-өнеге) қылғайсың!» – деп тілейді» (Фурқан, 13/38) аятында Алла тағала құлдарының үйленгенін қалағандықтан достарын мақтайды.

Алла тағала Құран кәрімде үйленген пайғамбарлар жайлы айтқан. Тіпті Яхия (а.с.) да үйленген, бірақ төсек қатынасына түспеген. Олай істеуінің себебі үйлену сүннетін орындап, көзін харамнан қорғауында жатыр. Иса (а.с.) болса, ақыр заманда жерге түскенде үйленеді және бала-шаға сүйеді.

Хадистер:

1. «Неке – менің сүннетім. Сүннетімді жоққа шығарған адам мені де жоққа шығарады».

2. «Үйлену – менің сүннетім. Менің жаратылысымды сүйгендер сүннетімді орындасын».

3. «Үйленіңдер, көбейіңдер. Өйткені қиямет күні мен сіздердің көптіктеріңмен мақтанамын. Тіпті түсіп қалған баламен де».

4. «Сүннетімді жоққа шығарған адам менен емес. Сүннеттерімнің бірі – үйлену. Мені жақсы көргендер сүннетімді орындасын» (Бұхари мен Мүслим Әнәстан (р.а.) риуаят еткен).

5. «Күн көре алмаймын деген қорқынышпен үйленбеген адам бізден емес» (Ибн Мажа Айшадан (р.а.) риуаят еткен). Бұл хадис үйленбеуге емес, үйленбеу үшін көрсеткен себепке басымдық беруде.

6. «Шамасы келген адам үйленсін».

7. «Араларыңнан үйленуге шамасы келген адам үйленсін. Өйткені үйлену көзді (харамнан) әлдеқайда жақсы қорғайды. Зинадан әлдеқайда жақсы сақтайды. Ал шамасы келмеген адам ораза ұстасын. Өйткені оразаның шаһуатты тыятын қасиеті бар» (Бұхари мен Мүслим Әнәстан (р.а) риуаят еткен). Бұл хадис көзді харамнан және абыройды арсыздықтан құтқару үшін үйленуге ынталандырады. «Уижа» сөзі «жануарды тарттыру» деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде шаһуатты тыю көзделген.

8. «Діні мен мінез-құлқы ұнайтын адам құда түсе келгенде, оларды қабыл алыңдар. Олай жасамаған жағдайда жер бетінде үлкен бүлік пен бұзғыншылық болады»  (Термези Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткен). Үйленуге ынталандырған бұл хадисте себеп ретінде бұзғыншылық орнауына деген қорқыныш көрсетілген.

9. «Алла үшін үйленіп, Алла үшін үйлендірген адам Алланың достығына ие болады» (Ахмад Муаз ибн Әнәстан риуаят еткен).

10. «Үйленген адам дінінің жартысын қорғағаны. Қалған жартысында Аллаға қарсы келуден сақтансын». Бұл хадис бұзғыншылықтан сақтану үшін үйленудің артықшылығын көрсетеді. Өйткені көп адамның дінін бұзатын нәрсе асқазаны мен әурет жері. Үйлену арқылы осылардың бірінен қорғанады.

11. «Адам баласы (дүние салғанда) барлық амалы тоқтайды. Бірақ үш нәрсе тоқтамайды. (Олар): артынан дұға жасайтын ізгі ұрпақ» (Мүслим Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткен). Ал артынан дұға жасайтын ұрпаққа тек үйлену арқылы ғана қол жеткізуге болады.

материал «Некенің әдептері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: