Некенің нәтижесі дұрыс болуы үшін «дұрыс» шарт болуы тиіс. Бұл да Исламның анықтаған дұрыс шарттарының болуы арқылы жүзеге асады. Болмаса неке жарамсыз.
Бірінші: Үйленетіндердің арасында үнемі, яки уақытша бір үйлену кедергісінің болмауы. Неке кезінде үйленуге барлық мүмкіндіктер болуы тиіс. Сондықтан әйелдің ата-тегі, сүт, яки туыстары секілді себептермен ер кісіге жақындығы болса неке жарамсыз. Сондай-ақ әйелдің өзге біреуге тұрмысқа шыққан болуы яки «ғиддаты» болуы жағдайында үйлену кедергісі
уақытша болады. Әйел ажырасып «ғиддатын» бітірген кезде оған тұрмысқа шығуға рұқсат.
Екінші:Ұсыныс пен мақұлдау үнемі, әрдайым бірге болуды білдіретін бір әдіспен айтылуы. Неке кезінде ұсыныс пен мақұлдау уақытша емес, өмірлікті білдіретін бір әдіспен айтылуы тиіс. Үйлену «бір ай», яки «бір жыл» сияқты белгілі бір уақыт арқылы жасалса неке жарамсыз болады. Еркектің әйелге «бір айға саған неке қияын», яки «сені бір ай, яки бір жыл уақыт немесе мына қаладан көшіп кеткенге дейін сені өзіме не келедім» дейтін болса, әйел де осыны қабылдаса, біріншісі – «мұта некесі», екіншісі – «уақытша неке» саналады.
Үшінші: Үйлену кезінде екі куәнің болуы. Үйлену ауыр жауапкершіліктерді арқалайтын киелі шаңырақ болғандықтан, мұны халыққа жариялауы құпия қалмауы және арнайы куәлармен анықталуы қажет. Дәлел – аят пен хадис.
Құранда: «Ер кісілеріңнен екі куә жасаңдар. Егер екі ер бол-маса, онда разы болатын куәлардан бір ер мен екі әйел жетеді». Аят саудаға қатысты болумен қатар үйлену келісіміне де жатады.
материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды
ummet.kz