26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күйеуім ашуланып келсе, не істеуім керек?

Күйеуім ашуланып келсе, не істеуім керек?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Күйеуінің разылығын алуды көздеген кез келген әйел даналық жасап, ерінің ашуының алдын ала білуі немесе оны айналып өтудің жолдарын меңгеруі тиіс. «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?»  деп Бұхар жырау айтқандай, егер ретін тауып, қиюын келістіре алса, жұбайының бір ауыз сөзі мен жылы қабағына, жасаған дәмді тағамына  алданбай қалатын «сірескен» еркек болмайды. Ол үшін:

1.     Егер күйеуіңіз үйге ашуланып кірсе, оны күліп,  қуанып келсе, керісінше қайғырып  қарсы алмаңыз. Ол қуанса, бірге қуанып, ол мұңайса, бірге мұңаю – әйелдің оған бәрінен артық жанашырлық танытатын жақын адам екенін аңғартады.

2.     Көңіл күйі жоқ еркектің ойын бөлудің ең ұтымды тәсілдерінің бірі – «Әкеңе амандас» деп балаларыңызды оның алдынан жүгіртіп шығару. Әкесіне таласып жамырай жүгірген құлыншақтарын көрген,  сәбиінің жұпар аңқыған балғын иісі мұрнына барған кез келген еркектің әкелік мейірімі оянып, жібіп сала беретіні анық.

3.     Күйеуіңіздің алдында үнемі әдемі киініңіз. Біз көбінесе сыртқы ортада, бөтен адамдардың алдында әдемі киінеміз. Бір жаққа шығу үшін айнаға он рет қарап, киіміміздің қисайған жерін түзейміз. Үтіктейміз. Себебі, өзге адамдардың кемшілігімізді көріп, бізге деген құрметі, сыйластығы үзілгенін қаламаймыз.  Олардан  ұяламыз. Ал үйде ше? Үйде үйдің киімімен де жүре беруге болады. Себебі, «өзіміз ғой», «ол маған бөтен емес қой», «менің кемшіліктерімді онсыз да біледі ғой» деген ұғым қалыптасқан.  Жоқ! Керісінше, әйел адам да, ер адам да, ең алдымен өз үйінде әдемі киініп өзара бір-біріне деген  құрмет, сыйластықтарын арттырып отыруы керек. Басқаша айтқанда, кемшілігіңізді ең көп білетін адамға (жарыңызға) кемшілігіңізді көрсетпеңіз.

4.     Оған сүлгі беріп, душ қабылдауын ұсыныңыз. Себебі, суға түсу адамның сәл де болса миын сергітіп, ойын өзге нәрселерге бөлуіне жағдай жасайды.

5.     Хош иісті әтір себінуді үмытпаңыз. Себебі, ілгері буынның ізгі ғалымдары  әйелдің күйеуі үшін әтірленуі  еркекті сиқырлап алатынын айтқан.

Тіпті, хош иістену сиқырлаудың рұқсат етілген жалғыз түрі деп те айтылады.

6.     Тамағыңыздың дәмді болуына, тіпті, салынатын ыдысының да әдемі болуына  мән беріңіз. Дайын асты дастарханға көз тартарлықтай әдемі қылып әкелудің өзі – үлкен өнер. Ол дәмді болуымен қоса ер адамның тәбетін шақыратындай келісті болуы керек.

7.     Басына массаж жасап беріңіз. Күні бойы жұмыс істеп, денесі құрысқан, басы мең-зең болып шаршаған кез келген еркектің бұл әдістен қашпайтыны, керісінше балаша мәз болып, қуанатыны анық. 

Ең бастысы, мынаны білгеніңіз жөн. Отбасындағы тыныштық, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сезімнің суымай сақталып тұруы – ең алдымен, Алланың мейірімімен болады. Себебі, Алла – жүректерді қалаған жағына қарай бұрып қоюшы. Ендеше, Алладан ғана жәрдем сұрап, Оған ғана арқа сүйеңіз...

ummet.kz

Бөлісу: