26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйелдің жеке құқығы мен жауапкершіліктері

Әйелдің жеке құқығы мен жауапкершіліктері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Мәһірін қолма-қол алған және нәпақасы қамтамасыз етілген әйел ерімен бірге тұруы қажет. Алайда қолма-қол алуға келіскен мәһірін ала алмаса, онда әйел бір үйде тұрғанмен жақындамауға құқықы бар.

Сондай-ақ  тұратын үйді  ері әзірлеуі  қажет. Бірақ жарының тұратын үйі денсаулыққа қолайлы, көршілері жақсы, үйге қажетті заттары әзір болуы тиіс. Сонымен қатар әйел ерінің туыстарымен бірге тұрғысы келмесе мәжбүрлей алмайды. Бірақ әйел келісімен беретін болса онда бұл әйелдің көркем мінезінің белгісі.

Егер некесі қиылған әйел күйеуіне өзінің әкесінің үйінде тұрамыз деп шарт қоятын болса, бұл шарты есепке алынбайды. Тіпті күйеуінің осы шартты әуелде қабыл етсе де кейін бұл шартқа көнбеуге құқылы. Әйелін өзінің үйіне алып бара алады. Сондай-ақ күйеуі әйелін алып тұрған жерінен шалғай жаққа көшетін болса, күйеуіне бағынып онымен бірге кеткені абзал. Бірақ ол үшін күйеуінің сенімді және әйелін харамнан сақтай алатын ізгі қасиеті бар адам болуы керек.

Сонымен қатар неке қиярда «осы аймақтан кетпейміз» деген шарт та қойылатын болса, әйелді ризалығы болмай алып кете алмайды. Күйеуі әйеліне өзінің рұқсатынсыз үйден шығуына тыйым  сала  алады.  Бірақ  әйелі  мынадай  жағдайда рұқсатсыз шыға алады.

1.  Әйел жанында жақын туысы бар болса қажылыққа бара алады. Бұл жерде ерінің рұқсаты қажет емес. Өйткені ердің құқығы «айн» (өтелуі тиіс) парыздың алдында қауқарсыз.

2.  Әйел  өзгелердегі  алашақтарын  сыртқа  шығып алуына болады.

3.  Ері діни мәселелерді үйретпесе, әйелі рұқсатсыз шығып анда-санда ілім алуына болады.

4.  Ері әйелін ең азы аптасына бір рет ата-анасының, жылында бір рет бауырларының, әпкелері сияқты жақын туыстарының амандығын сұрап қайтуына кедергі жасай алмайды.

Бірақ әйел ерінен рұқсатсыз түнде басқа жерде қона алмайды. Туыстарымен көрісуге кедергі жасау туыстық қатынастың үзілуіне жол ашады. Ислам дінінде «туыстық қатынас» маңызды парыздардың бірі. Оны орындамаған да, орындауға кедергі жасаған да, үлкен күнәға батады. Сондай-ақ әйелдің ата-анасы ауыр науқастанып оларға қарайтын ешкім болмаса әйелі күйеуі рұқсат бермесе де, әкесінің үйіне барып олардың күтімін жасай алады. Бірақ мұндай жағдайда күйеуі әйеліне нәпақа беруге жауапты болмайды. Сондай-ақ, ері әйелінің ата-анасына аптасына бір рет қонуға және бұрынғы ерінен қалған баласына барып тұруға кедергі жасай алмайды.

Иә, бұлар құқық мәселесі. Ал ерлі-зайыптылар бір-бірімен түсінісіп, ата-аналары мен туыстарын өз ата-ана, туыстарындай көріп қол ұшын беретін болса онда бұл кәміл иманның айқын көрінісі болмақ. Ислам діні ерлі-зайыптыларды бір-бірімен түсінісіп, бақытты өмір сүруіне шақырады.

Құранда  Алла  Тағала:  «Ерлердің  әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден қарағанда ерлердің дәрежесі артық», – дейді.

Пайғамбарымыз да көптеген хадистерінде әйеліне жақсылап қараған ер «ізгі адам» деп бағалаған. Атап айтқанда: «Сендердің әйелдеріңе қатысты ақыларың, әйелдеріңнің  де  сендерге  қатысты  ақылары  бар. Сендердің әйелдеріңе қатысты ақыларың – төсегіңді өзгеден сақтауы және сендердің ұнатпаған адамдарыңа үйлеріңе кіруге рұқсат бермеуі. Сақ болыңдар! Олардың сендерге қатысты ақылары – нәпақа тауып, жақсылап қарауларың».  Басқа  бір  хадисте:  «Сендердің  ең жақсыларың – отбасына жақсы қарағандарың. Мен де отбасыма жақсы қарағандардың ең ізгісімін», –дейді.

Ерлі-зайыптылардың  бір-бірімен  төсек  қатынас жасауға құқылары бар. Алла Тағала Құранда: «Әйелдерің хайыздан тазарғанда Алланың сендерге әмір еткен жерінен оларға жақындаңдар»,– дейді. Егер қыз бен жігіт үйленіп жігіт жақындауға қауқары болмаса, көп ұзамай әйелде некені жарамсыз ету құқы туады.  Ханбалилар бойынша, ері әйелімен аз дегенде төрт айда бір рет жақындауы керек. Халифа Омар да майданда жүрген сарбаздарға жарларынан алты айдан артық бөлек қалмауларына әмір берген. Сондықтан Ислам қоғамында жыл бойы үйінен кетіп себепсіз оралмай жүрген ер адамды қазы оралу үшін шақырады. Егер сонда да оралмайтын болса, некелерін жарамсыз етеді. Сондай-ақ  ерлі-зайыптылар  бір-бірлеріне әйелдің хайыз, нифас кезінде төсек қатынасын жасауға болмайды. Мұндай кезде жақындау харамға жатады. Аятта: «Хайыз кезінде әйелдеріңнен аулақ болыңдар»,– дейді. Егер жақындайтын болса тәубе етулері қажет һәм жазасы бар. Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Кімде-кім хайыз әйеліне жақындайтын болса егер қан қызыл түсті болса бір ди-нар, сары түсті болса, жарты динар садақа берсін»,– дейді.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: