Егер ол әйел мұсылман және балиғат жасына жеткен болса, зинадан сақтанып, әтір пайдаланбай ғиддат уақытын күтеді.
Күйеуінің өмірден озғанына өзінің қайғылы екенін танытады. Күйеуі қайтыс бола сала басқа ер кісімен не-келесуі дұрыс емес. Бірақ өзіне қажетті нәрселерді табу үшін үйінен шығуына рұқсат етіледі. Егер жұмыс істейтін болса, жұмысын жалғастыра береді. Күйеуінің дүниеден өтуіне байланысты жұмысын тоқтатса, өмір сүруі үшін нәпақасын қайдан алады.
Егер әйел ражиғи талағымен талақ етілсе, онда ол әйелге боянуға, иіс су себу сияқты әрекеттерді жасауға болады. Бірақ ертелі-кеш үйінен шықпайды. Ерлі-зайыптылық қарым-қатынасты жақсартуға қам жасайды. Ғиддат уақыты біткенше тамағы ерінің мойнында болады.
материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды
ummet.kz