26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Баланы қырқынан шығару дәстүрі және оның діндегі орны

Қырқынан шығару рәсімі ескі шаманизмнен қалған рәсімдердің бірі делінеді кейбір деректерде. Исламнан бұрынғы көне көк түрік халықтарында кеңінен таралған бұл үрдіс әлі күнге шейін түркітілдес халықтарының біразында дәстүр ретінде сақталып қалған. Мәселен, Түркия елінде бұл рәсім кырклама (kırklama), кырк учурма (kırk uçurma) деген атаулармен белгілі болса, қазақта оны «қырқынан шығару» дейді.

«Неке жүзігі» шариғатта бар ма, жоқ әлде батыстан келген бе?

Кейбір деректерде «неке жүзігін тағу» дәстүрі сонау ертеректе (Исламнан бұрын) Мысыр елінен шыққан делінсе, кейбір жазушылар оның түп тамыры Көне Грек жерінде жатыр деседі. Бұл қазіргі таңда біздің елімізде де әдетке айналған неке рәсімі болып табылады. Қоғамымызда неке жүзігін тағу үйленгендіктің белгісі саналады.

Әйел үнемі күйеуінің ұнатқан асын жасауы шарт па?

Үйде тек ерінің қалаған тамағын жасау керек пе? Ерінің «палауға картоп қосып істе» деген секілді талаптарына қарамай, анда-санда өзге ас жасауға бола ма? Өзіме жеке жасауға уақыт бола бермейді. Оның үстіне жеке-жеке тамақ жеген де дұрыс емес.

Әке – отбасы-орманын тозақтан сақтайтын адам

Әке ақысы – салмағы ауыр ақы. Шындап келгенде, әкенің ақысын түгелімен өтеу де мүмкін емес.

Ерлі-зайыптылардың екі жақтың ата-аналарына бірдей болуы

Алла Тағала адамзатты бір-бірлерімен жан-жақты танысулары үшін жаратты: «Бір-бірлеріңді танып білулерің үшін, сендерді халықтар әрі рулар етті» («Хужурат» сүресі: 13).

Отбасында рақмет тілі болса, молшылық келеді

Бір рет рақмет айтудың өзін көп көру сараңдықтың ең қиыр шегі болса керек. Сондықтан ардақты  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тілінен: «Адамдарға рақмет айта алмаған кісі Аллаға да шүкір ете алмайды» деген ақиқат шыққан (Әбу Дәуд, Әдәб, 11).

Ана артық па, әке ме?

Неліктен шариғатта әкеден қарағанда анаға көбірек маңыздылық беріледі.  Қасиетті Құранда Жаратушы Алла: «Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ», - деп, перзенттің ана алдындағы үлкен борышын баяндайды. Мұның бірқатар себебі бар:

Бақытқа апаратын жол: Жеңілдету және оңайлату

Алла Тағала айтады: «Алла сендерге жеңілдікті қалайды, және сендерге ауырлықты қаламайды» («Бақара» сүресі: 185).

Баланы есептеп көтерсем, күнә бола ма?

Сұрайын дегенім: Баланы есептетіп көтеруге бола ма? Яғни қыз немесе ұл болу үшін алдын ала күнмен есептейтінге ұқсайды. Бұл Аллаға серік қосу немесе күнә іс емес пе? Осы сұрақ мазалап жүр.

Бақытқа апаратын жол: Бір-біріне сену, қызғаныш шегінен аспау

Отбасы берекесін қашырып, махаббатты жоятын себептердің бірі – ерлі-зайыптылардың бір-бірін шектен тыс қызғанулары.

Интернет арқылы «онлайн неке» қию дұрыс па?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі айтыла бастады. Адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық неке шарты жасалғанда қалыңдық бір жақта, күйеу басқа жақта, ал куәгерлер тағы бір жақта қатысатын көрінеді. Осындай неке шариғат бойынша қаншалықты дұрыс?