26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла алдындағы ақ некенің қасиеті

Алла алдындағы ақ некенің қасиеті

Исламдағы отбасы
Жарнама

Үйленер кезде «Байқамаппын, әйелiмнiн мінезі жаман екен, аяқ-қолы қисық екен, еріншектеу екен, сөздері дөрекі екен» немесе т.б. себептерді сылтауратып, ажыраса салуды оп-оңай санайтындар аз ұшыраспайды.  

«Күйеуім әйел секілді әр нәрсеге араласа береді, азық-түлігімді қамтамасыз ете алмайды, т.б.» деп әйел де жұлқынып шығады. Сонда Алла алдындағы ақ некенің қасиеті қайда қалды?

Ислам дiнiн бiледi, иман келтiрiп, намаз оқып жүр дегендердің өзі болмашы себептерге бола әйеліме талақ бердім деп жүргенін байқаймыз.

Сонда Алла Тағаланың жер бетіне орнатқан ұлы заңы бұлай ойнайтындай ойыншық болғаны ма?

Бұл істердің бәрінің ертең сұрағы алынады. Бұл жақта ажырасу оңай, ал арғы жакта оның зардабы өте қиын.

Сондықтан үйленем деп өз қалауыңмен бір кісіні өмірлік жар деп алдың ба, онын аяғы қисық түгіл, белі бүкір болса да, мінезі жаман тiл болса да, шыдап өміріңнің соңына дейiн баруың керек. Өйткені мұсылманнын некесі аз ғана уақытка емес, мәңгілік өмірге бiр-ақ қиылады.

материал «Жанұя жарасымы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: