26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ерлі-зайыптыларды бір қабірге жерлеуге бола ма?

Ерлі-зайыптыларды бір қабірге жерлеуге бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жайшылықта екі адамды бір қабірге жерлеуге болмайды. Мұнда ғұламалардың арасында талас жоқ.

Әр қайсысына бөлек қабір қазылып, бөлек-бөлек жерленулері тиіс. Бірақ, табиғи апат салдарынан немесе соғыс салдарынан өлген адамдардың саны көбейіп, әр мәйітке жеке қабір қазу қиынға соғып жатса, зәрулік себепті бір қабірге екі-үш адамды жерлеуге рұқсат етіледі. Олай болған жағдайда, жүзі құбылаға қарата әуелі әкесі, одан кейін баласы, артынан анасы қойылады және аралары топырақпен бөлінеді[1]. Екі ер кісі қойылған жағдайда абзалы кім, сол бірінші қойылады. Хадистерде Пайғамбарымыз: «Кім Құранды көп білсе, сол бірінші қойылсын» деген[2].

Ерлі-зайыптыларды бір қабірге қоюға мәжбүр болса, әуелі ерінің жүзі құбылаға қарата қойылып, оның артқы жағына әйелі қойылады. Екеуінің арасы топырақпен бөлінеді. Баласы мен анасы қойылар болса, әуелі баласы, одан кейін анасы қойылуы керек. Анасы мен қызы қойылса, әуелі анасы қойылып, артынан қызы қойылады. Араларын топырақпен бөліп қояды. 

[1] Фәтәуә әл-Һиндия: 1/183 бет.
[2] Сахих Бұхари: №1343 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: