28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бейбарыс сұлтанның райынан қайтуы

Бейбарыс сұлтанның райынан қайтуы

Ғибратнама
Жарнама

Орта ғасырда мұсылман елдерінде орталық билік уақыптарды да тәркілеген жағдайлар  болыпты.

Мысалы, Мысыр мамлюк мемлекетінде ХІV-ХV ғғ. билік неше мәрте бай уақыптарды мәжбүрлеп тәркілеуге тырысты. Осман империясында ХV-ХVІ ғасырларда уақыптарды қоғамдық ғимараттар құрылысына, әскери қажеттіктерге, т.б. тартып алу жағдайлары орын алған [[1]].

Бұған бір дәлел, атақты Бейбарыс Сұлтан мен Имам Нәуаи арасында болған Шам жеріндегі уақыптық жерлерді мемлекетке тартып алып қою жөніндегі мәселені айтса болады.Белгілі болғандай, уақыптық жерлер имамның пәтуасы мен табандығылығы арқасында иелеріне қайтарылады [[2]

Осы арада мына бір қызық жәйтті айтпаса болмайды.

Сұлтан Бейбарыс өзінің бұйрығына қарсы шыққан Имам Нәуаиды жазалау үшін еңбегін қиыңдар десе, медреседен еңбек алмайтынын естиді. Өйткені, нәпақасын әке-шешесі жеткізетін еді.

Мәнсабынан алынсын десе, медреседе ешқандай мәнсап иеленбепті.

Барлық дәрісін Алла ризашылығы  үшін ғана береді екен.

Ең соңында құзырына шақыртып, имамның білімділігі мен тақуалығына, табандылығына тәнті болып, райынан қайтқан екен.

Қуат Қабдолда

ummet.kz

 __________

[1] Yediyildiz B. Turk Vakif Kurucularinin Sosyal Tabakalasmada Yeri, 1700-1800 // JOS, Vol. 3, 1982, p. 161

[2] Имам Мұхаммед Әбузахра 2009

Бөлісу: