28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Табандылық пен мейірімділік

Дінге шақырудағы табандылық пен мейірімділік

Ғибратнама
Жарнама

Миқдат ибн Амр (р.а.) өзі қатысқан бір жорықтағы оқиғасын былай деп әңгімелейді:

Мен Хакам ибн Қайсанды тұтқынға алдым. Қолбасшымыз оны өлтіргісі келді. Мен оған: Оны өлтірме, Алла Елшісіне () алып барайық, - дедім. Оны Пайғамбарымызға () алып бардық. Пайғамбарымыз оны күнде-күнде исламға шақыруын тотқатпады. Алайда, ол тез қабылдай қоймай, бұл шақыру тым ұзаққа созылды. Сонда да Хакам мұсылмандықты қабылдамады.

Хазіреті Омар (р.а.): Уа, Алланың Елшісі ()! Неге бұл адаммен сонша сөйлесесің. Ант етейін, ол ешқашан да мұсылман болмайды. Маған рұқсат бер, басын шауып, жанын жаһаннамға жіберейін, - деді.

Алла Елшісі () бұны құптамады. Оған жауап та бермей сабырлық көрсетті. Ақырында Хакам мұсылман болды. Хазіреті Омар (р.а.): таң қаларлық мына іске қараңыз, әлгі адам мұсылман болды. Мені осылайша бір қызартты. Өз-өзіме «Алла Елшісінің () менен жақсы білген мәселесінде қалайша оған қарсы шықтым. Алайда, менің бар мақсатым – Алла мен Оның Елшісіне ()» қызмет ету еді», - дейді. Хазіреті Омар тағы да: «Хакам мұсылман болды және мұсылмандығы да құрыштан құйған болаттай берік еді. Алла жолында соғысып, Мауна құдығының маңында шейіт болды. Алла Расулы одан риза болып, ол жәннатқа қанат қақты», - дейді.

Бұл оқиға әлемдерге рақым етіп жіберілген, Миғражда сүйікті Раббысының жанында қалу еркі бола тұра «үмметім» деп, үмметі үшін үнемі қамкөңіл болған Алла Елшісі () дінге шақырудағы табандылығын мейіріммен, сүйіспеншілікпен іске асыратынына тағы бір дәлел.

Ummet.kz

Бөлісу: