28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Көркем насихат

Көркем насихат

Ғибратнама
Жарнама

Өзге дін өкілі өзінің Исламды қабылдауына не себеп болғанын былайша баяндайды:

Менің Ислам дінін қабылдауыма егістік жердегі  көршім молда Рабидің керемет адамгершілігі түрткі болды. Ол сүт сатып күнелтетін. Бір күні кешкісін біздің үйге бас сұғып:

- Мына сүт сіздердікі, алыңыздар, - деді. Мен таңырқап:

- Қалайша, мен сізден сүт сұраған жоқпын ғой, - дегенімде сезімтал, жаны нәзік көршім:

- Мен сіздің бақшаңыздан шөп жеп тұрған сиырымды байқап қалып едім. Сондықтан бұл сүт сіздерге тиесілі. Сиырдың сүті жеген шөптен толық тазарғанға дейін сүтін сіздерге әкеліп тұрамын, - демесі бар ма. Мен азар да безер болып:

- О не дегенің, көршім. Жегені бір тұтам шөп қой. Адал болсын, кештім, - десем де молда Рабиды көндіру қиынға соқты.

- Жоқ, болмайды. Оның сүті сіздерге тиесілі, - деген күйі жеген шөбі сиырдың сүтінен толық шыққанға дейін сүт әкелуін үзбеді.

Міне, осы жүзінен нұр тамған мүбәрак кісінің адал-арамды ажыратуда шын пейіл танытқан ықыластылығы маған қатты әсер етті. Іле көзімді көлегейлеген күпірлік пердесі түріліп, жүрегіме иман шуағы ұялады. Қайран қалғанымды жасыра алмай өз-өзіме «Мынадай керемет мінез-құлықты дарытқан адамның діні де міндетті түрде ұлы дін. Осындай жаны таза, ары пәк, адал ниетті жандарды тәрбиелеген діннің ақиқат дін екені де күмәнсіз» деп, бірден тілімді кәлимаға келтіріп, мұсылман болдым, деген екен.

Ummet.kz

Бөлісу: