25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бата беру мен дұға етудің айырмашылықтары

Бата беру мен дұға етудің айырмашылықтары

Ғибратнама
Жарнама

Бата мен дұға егіз ұғым болса да, арасында аздаған айырмашылықтар бар:

1) Бата өзге біреуге арнайы игі тілекте болу, ал дұға – өзіне де, өзге де Жаратқаннан жақсылық тілеу.
2) Бата көпшіліктің алдында айтылады, ал дұға көппен бірге айтылғаны секілді көбіне жеке қалғанда айтылады.
3) Бата белгілі бір ортада, белгілі бір уақытта айтылады, ал дұға кез келген уақытта, кез келген жерде айтыла береді.
Осы жақтан алғанда, батаның өзі дұғаның бір түрі болып саналады, сондықтан дұғаның қолданылу аясы батадан гөрі кеңірек. Ендеше, дұға деген не?

Дұға – құлшылық, дұға – ғибадаттың өзегі, дұға – Жаратқанға бет бұрып жалбарыну.
Дұға – Алла мен құл арасындағы асыл байланыс. Құл дұға арқылы өз ойын Жаратқанға жеткізе алады. Құл шамасы келмейтін барлық ауыртпалықтан құтылудың жолын құдіреті шексіз Ұлы Жаратушыдан тілейді. Бұл тілектің атауы – дұға.
Дұға – иманды жанның барлық түйткілін шешетін тылсым қаруы.Дұға – пәлекеттің бетін қайтарушы, алдын алушы. Дұға Алла тағаланың мейіріміне арқау болады.
Дұға – біздің Жаратқан Иемізге жасайтын құпияға толы қасиетті құлшылығымыз.

Дұға – біздің терең ықыласпен шынайы түрде Аллаға бет бұрып, Одан өз қажеттілігімізді сұрауымыз. Құрандағы «Құлдарым сенен келіп сұраса, білсін, Мен оларға өте жақынмын. Дұға етушінің дұғасына жауап беремін», «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін», «Егер де дұғаларың болмаса, Раббым сендерді қайтсін» деген аяттар дұғаның қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбетіне көп дұға ету керектігін айтқан әрі соны өзінің тұтас өмірінде іске асырған. Тіпті Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өміріне көз жүгірткен адам оның әрбір сәтте дұға етумен болғанын көріп, оған «дұға адамы» деп айтар еді.

Дұға – «бисмилла»-мен басталып, дұға-тілекпен жалғасып, Ұлы Аллаға мадақпен (хамд) аяқталатын мінәжат. Аят-хадистерде жиі айтылған осы дұға мәселесі мұсылманның өмірінде зор маңызға ие. Қолын жайып Раббысына дұға еткен пенде бейне бір былай деп жатқандай: «Себептер дәрменсіздік танытып, табиғат құбықұбылыстарының ешбір әсері болмай, ешкім маған қол созып, көмек бере алмаған сәтте, мен әрдайым жанайқайымды, тіпті әрбір шыққан демімді еститін, маған күре тамырымнан да жақын екендігін ескерткен, дұғаларыма жауап беретіндігін уәде еткен әрі сол уәдесінде тұруға күш-құдіреті жететін Ұлылардың Ұлысына қолымды жайып, дұға етемін».

материал «Баталар. Өсиеттер. Дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: