28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Абысын тату болса...

Абысын тату болса...

Ғибратнама
Жарнама

Ертеде бір-бірімен тетелес өскен екі ағайынды жігіт әйел, бала-шағасымен бір шаңырақтың астында өмір сүреді.

Екеуі де,әйелдері де әй-шәй деспей тату-тәтті ғұмыр кешеді. Енші алып бөлек кету, тіпті, ойларында да болмайды. Балалары да туған бауырдай бір-бірімен араласып-құраласып кетеді.

Олардың мұндай татулығына сүйсінген ауыл адамдары бір күні екеуінен мұның сырын сұрағанда, ағасы «інімнің мықтылығы шығар»- десе, інісі: «Ағамның кеңпейілділігінің арқасы ғой. Ата-анамыздың тәрбиесі осындай болатын», - деп жауап береді.
Мұны ес тіген әйелдері ( яғни абысындар) «Бұл жерде біздің де бірталай үлесіміз бар-ау,- бұлар соны ескермеді ғой. Онда бір қызық жасайық»,- деп жоспар құрады.

Арада біраз уақыт өткенде,ет жеп отырған інісіне әйелі: «Осы қайын ағам біздің балаларымызға үнемі артқы сирақты береді. Көрдің бе, өз балаларына адам дардың алды болсын деп, алдыңғы сирақты беріп отыр»- деп сыбыр ете қалады, мұны естіген күйеуінің көңіліне күдік ұялап, ойланып қалады.

Осындай ұсақ-түйек дүниелер жинала келе, інісінің көңілінде ағасына деген ыза, кек пайда болады. Кез келген нәрсеге бола ілінісіп, үнемі керісіп жүреді. Ақыры араларына сызат түсіп, інісі баска жаққа қоныс аударуға бекінеді.

Ашуы тарқамаған күйі «үйді жығып қой-деп әйеліне тапсырма береді деп,өзі ауылдастарынан үй көшіретін ат іздеп кетеді. Алайда ешкімнен жарамды ат таба алмай, кешке үйіне келсе, әйелі үйді жықпай отыр екен. «Жықпағаның дұрыс болыпты, ешкім ат бермей жатыр», - дейді салы суға кетіп. Әйел «олай болса, бір қойды сойып, кешкі астың қамын жасайык». - дейді де, малдың сирақтарын алып «мынаның алдыңғы сирағы қайсы,артқы сирағы кайсы, айырып берші», - дейді күйеуі ары қарап, бері қарап ажырата алмаған соң ағасынан барып сұрайды. Ағасы да ажырата алмайды.

Сонда әйелі: «алдыңғы сирақ пен артқы сирақты ешкім ажырата алмайды .Біз сіздердің сыйластықтарыңыздың қай жерге дейін жететінін сынамак болып,осындай айлаға барған едік», - деп назданады.

Өзінің қателігін бірден түсінген інісі ыңғайсызданып: «Етіңді көбірек сал,етіңді көбірек сал, менен бір қателік кеткен екен», - деп аға-жеңгесін қонаққа шакырып,кешірім сұраған деседі.

«Абысын тату болса ас көп!», - деген.

Elana.kz

Бөлісу: