Бірде қажылық сапарында мынандай бір әсерлі оқиға болады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқуға келген бір қажы шетелден, мөлшері Африка елдерінің бірінен келген адамның қатқан нан жеп отырғанын көріп:
- Бауырым, қатқан нан жемей, мына жұмсақ нанды десеңші, - деп тоқашын ұсынады.
Әлгі адам болса:
- Алла разы болсын! Мен қырық жыл бойы осы қатқан нанды жеп дағдыланып қалғанмын. Он жасымнан бастап, қажыға баруды, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) зиярат етуді ниет етіп , өзімді тиып үнемдеп, наубайханада өтпей қалған қатқан нанды жеп жүріп, жасым елуге келгенде ғана осы сапарға қаржымды жинап болдым. Алла қажылығымызды қабыл етсін! Ауыз берген Алла, оған ырыздық та береді. Мен еліме оралған соң, бәрібір осы кепкен нанымды жеймін ғой, - деп жауап беріпті...
Жыл сайын осы ұлық сапарға баратын миллиондаған адамдардың ішінде қаншалықты ниеттермен келген мұсылмандар бар десеңізші.
Қуат Қабдолда