25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайырымды қайырым етпес есеппен,

Тегін берсең, бұл қақпан дер.

 

• Азғантай ақша салып, іс қыл десең,

Оның да пайдасы көп бола қоймас. 

 

• Қомақты салым сал десең,

Ақшамыз жоқ деп, ала қашар. 

 

 • Туып оқу –тоқусыз, жүре сауат ашады,

Білім алсаң, ісіңде өрге басады.

Жаңа тақырып зерттеп көр десең,

Тәжірибем жоқ деп басын алып қашады.

 

 • Бұл қалыптасқан іргелі кәсіп десең,

Тым ауыр екен деп шағымданады. 

Жаңа кәсіп, қосыл десең,

Ол пирамида деп жауды жақындатады. 

 

 • Дүкен аш сауда жаса,

Саудада береке бар,

Онда еркіндік болмайды

Жүрейін осылай аман есен дер.

 

 • Тәуекел деп тасқа түс,

Бекем буып беліңді

Жаңа кәсіп шұғылдан десең,

Түңілбектер, кепілдік жоқ деп шегінді.

 

Оларда ортақ бір қасиет,

Google-ден сұрау салады

Өздеріндей достардан

Осылай насихат алады.

 

 • Мен жасаған қорытынды:

Жүрегің тез-тез соққанша,

Ісіңмен ширақ қимылда,

Бос қиялға берілмей,

Ойлағаныңды іске асыр.

 

Жалқау адам кедейлікке бір қағиданың жетегінде жетіп жатыр. Ол: «Өмірі тек күтумен өтіп жатыр!» 

Сіз кімсіз? Өзіңіз шешіңіз!

 

 

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы

 

 

Бір күні өте кедей бір кісі Мұса алейһиссаламға: «Иә, Мұса, жылдар бойы ғибадат етудемін, бірақ кедейліктен өлуге айналдым. Аллаға дұға ет, маған көп мал-мүлік берсін. Жағдайымды түзеп алайын» дейді. Мұса алейһиссалам Тур тауына барып Алла тағалаға дұға етеді.

Хазреті Әлидің (р.ғ.) халифалық еткен уақытында хазреті Османның (р.ғ.) шәһид етілуімен болған бүлік тағы да жалғасын тауып жатты. Бұл жағдайға қатты қайғырған бір кісі хазреті Әлиге (р.ғ.) келіп:

Алтыншы ауданның бесінші ауылында бүгінгі күн қаралы күнтізбеге енді. Ат төбеліндей ғана жұрттың жазғырғаны өмір, жоқтағаны Мәрия апа болатын. Небәрі жетпіс үшінде бақилық болған марқұмның жаназасына қаладағы Пединститутта оқитын Әшірбай да келген.

Баяғыда артына ала шаң еріткен ұлы бәйгелерде бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып жатыр екен. Жанына дүйім халық жиналыпты, "шүу-шүулеп" сауырға ұрыпты. Басынан сүйрейді, алайда дәрмен жоқ. Керісінше, қайран тұлпар, суырма батпаққа бата түседі. Сәске болады. Қызыл бояуын елітіп іңір жақындайды. Ел дағдарып, ақылман бір қарияға ақыл сұратып ат шаптырыпты.

Тумай жатып, баласынан безген безбүйрек көбейді бүгінде. Оның себебін әркім әр нәрседен іздеуде. Мұның ең үлкен себептерінің бірі – жаппай жасалып жатқан жарнаманың жемісі. «Пәлен жерде шараныны тастап кетіпті» деген ақпаратты әлеуметтік желі арқылы, тілшілер арнайы телеарналардан таратып жатады. Біз, осылайша, баласынан қалай құтылуды үйретіп, өзіміз көрсетіп беріп жатырмыз.

Бұрынғы замандарда бір ғұламаның тотықұсы болған екен. Тотықұсына "лә илаһа иллАлла" деп айтуды үйретіпті. Тотықұсы күніне мыңнан астам рет "лә илаһа иллАлла" деп айтады болыпты. Уақыт өтіп, тотықұсы "ғыр-ғыр" деп өліп қалады. Сонда ғұлама көз жасына ерік беріп, егілік жылаған екен.

«Шпаргалкасыз студент – студент емес» - деген пікір бар қоғамда. Әрине оның бұрыс түсінік екенін жақсы білседе қолдануға дайын тұрады. Тарихшылардың айтуынша, шпаргалканың оқу барысында қолданылғанына 500 жылдан астам уақыт өтіпті.

Араб шөлінде қиын да ұзақ сапар шеккен бір шейх ұлына басынан кешкен оқиғаларды былай әңгімеледі:

– Бір алыс сапарға шыққан едім. Күн ұясына батып, төңірек қараңғылана бастаған кез. Алыстан көзіме көрінген үйге қарай тұра жүрдім. Үйге жақындағанымда алдымнан бір әйел шықты. Жалғыз екенімді көргенде қайран қалып:

– Сіз кімсіз? Бұл жерден не іздеп жүрсіз? — деді.