25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ислам мемлекетінің қуатты кезі. Елдің қарны тоқ, көйлегі көк, бұл бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман еді. Бірақ байлығы мол, салтанаты шексіз елді, кең аумақты басқарғанмен хазірет Омар (р.а.) баяғы қарапайым қалпынан өзгермеді.

Бірде аулада ойнап жүрген балалар Имам Ағзамды көргенде, бір-біріне: «Мына кісі таңға дейін ұйықтамай құлшылық жасайды екен», – дейді.

Хазірет Айша (р.а.) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп не үшін жылағанын сұрады.

– Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?

– Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.

Индонезия елінің Горонтало шаһарында пайда болған бес саудагер жайындағы әңгімені ең әуелі қала базарындағы сатушылар естіп білді. Әр тұтынушыны түстеп танитын сатушылардың аңдыған-баққандары сол емес пе?

Тақуа кісі болса керек. Шəкірттеріне Фейсбук жайлы қысқа да нұсқа бір сөз айтып үлкен ғибрат қалдырыпты. Сонда ол нендей ғибрат айтты дейсіз ғой. Ол былай... Əлгі тақуа жан Фейсбук жайлы былайша ойын айтып салыпты.

«Дәрігер, мен сізге маңызды бір шаруамен келіп отырмын. Не істерімді білмей, басым қатып кетті. Сіздің көмегіңіз қажет. Менің жасына толмаған ұлым бар. Ал, менің тағы да аяғым ауыр. Байқаусызда болды. Мен балаларымның жастарының жақын болғанын қаламаймын», - деді жас келіншек.

Бірде бір әйел кісі Хасан Басриге келіп:

"Уа, имам! Дін тазалығы деген не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы деген не?" – деп үш сауал cұрайды.