26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әбу Талханың құрма бағы

Ғибратнама
Жарнама

Хазірет Әнәс (р.а.) әңгімелеуде:

Әбу Талха ең үлкен құрма бағына ие еді. Алайда, оның ішінде Бәйруһа деп аталатын бақшаны өзгеше ұнататын. Бұл бақ мешіттің дәл қарсы алдында болатын. Кейде Алла елшісі (с.а.с.) сол баққа соғып, бұлақтан су ішетін.

«Сүйген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде игілікке қол жеткізе алмайсыңдар» (Әли Имран, 3/92) деген аят түскен кезде, Әбу Талха: «Уа, Расулаллаһ! Дүние мүлкімнің арасынан Бәйруһа бағын жанымдай жақсы көруші едім. Оны енді Аллаһ жолына бергім келеді» дейді.

Бұған риза болған пайғамбарымыз «Бұл неткен олжалы сауда» деп ілтипат көрсетті. 

Басқа бір риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Талхаға: «Ниетіңді құптаймын. Алайда, оны туыстарыңа таратқаның абзал» дейді. Әбу Талха «Жарайды, айтқаныңыздай орындаймын» деп құрма бағын ағайын-туыстарына теңдей бөліп береді.

Бөлісу: