26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Аббасилық халифа Харун Рашит (ө.ж. 193/809) бірде түскі асқа түйе етін сұратты. Еттен бір кесіп аузына салғаны сол еді, қасындағы уәзірі Жафер Бермеки сықылықтап күліп жіберді. Аяқ астынан уәзірін күлкі қысқанына таңырқаған Харун Рашит бұның мәнісін білмек болды.

Бүгін біз қайда бардық? Бұл күнімізге шейін қаншама ел мен жерді, тау мен тасты ешкімнің мұқтажынсыз (бір Алланың мейірімімен) өз аяғымызбен кездік? Сәулеті асқан шаһарларға, көркіне көз сүйінген қаншама мекенге саяхат жасадық? Ал, осы кезге дейін бір рет шүкір айттық па? Кей-кейде аяғым шаршап кетті, деп налимыз. Шаршайтын аяғымыздың барына шүкір қылдық па?

Бір жас жігіт Қағбада «Ей, дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым, саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта-қайта бір дұғаны қайталай бересің, одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Сонда жігіт басынан өткенді баяндайды.

Ұстазы шәкірттерінен: «Сендер бір шәугім шайды қайнатып жатырсыңдар деп ойлайық, дәл осы сәтте отындарың қалмай қалды. Аздан соң от өшіп, шай қайнамай қалады. Сендер не істейсіңдер?» деп сұрайды.

Әлемнің түкпірінде ерекше дүкен бар еді. Бұл жерден адамдар үлкен қайық, үй, үйлену мүмкіндігін, үлкен корпорация бастығының орнын, ақша, бала, сүйікті жұмыс, сымбатты келбет, қымбат көлік, әлеует, табыс және т.б. нәрселерді сатып ала алатын. Сатылмайтын екі-ақ нәрсе болатын, ол – өмір мен өлім.

Сопылық жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Жүнайд Бағдади былай дейді:

Ұстазым науқасына орай төсек тартып, жатып қалған болатын. Бір күні ол кісінің халін білмек ниетпен, арнайылап үйіне зиярат ете бардым. Қолымда салқындатқыш желпуішім болатын. Ұстазымның қасына отырып, желпуішпен салқындатқым келіп, жайлап желпи бастадым. Сонда ұстазым маған:

Шейх Мұхаммед Ратиб Наблуси айтады: Қонақ үйлердің бірінде жазылған мына бір сөз маған қатты ұнады"Егер сізді разы ете білсек, біз жайында айта жүріңіз. Ал егер разы ете алмасақ, кемшілігімізді бізге келіп айтыңыз!деген сөз.

Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына аттанады. Теңіз жағасына келіп қажылыққа кетіп бара жатқандардың кемесіне отырады. Кемеде маймылға қалтадан әмиан ұрлауды үйреткен сығандар да бар еді. Сүт сатушы демалып жатқан кезде сығанның маймылы қалтасынан әмианын ұрлап алып биік діңгекке шығып кетеді.

Ағалы-інілі екі кісі болыпты. Екеуінің де бойында тақуалығы мен қоса əулиелігі де бар екен. Олардың біреуі «мына заманда қалада тұрып, көп күнаға батқанша, ешкім жоқ далада жүріп, күнə атаулыдан алыстау болайын» деп тауды мекендеп, мал бағып тіршілігін жалғастырады. Көңілді кірлетіп, жүректі қарайтар харам жоқ жерде намазын да қаза қылмай, құлшылығын да уақтымен жасапты.

Күндердің бір күнінде бір жас жігіт сол замандағы білімпаз ұстазға келіп:

«Сізді іздеп жүрмеген жерім, баспаған тауым жоқ. Жалғанда жер басып жүру маған лайық емес сияқты. Өз-өзімді қолынан іс келмейтін сондай бейшара сезінемін. Айналамдағы адамдар да менің бейшара, сормаңдай екенімді бетіме басып, көре қалса, саусағымен көрсетіп, жығылғанымның үстіне жұдырықтап, мазақтай жөнеледі. Сізден көмек сұрай келдім. Өтінемін, маған көмектесіңізші»  депті.