26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шаршағанда шүкірлік айтамыз ба?

Ғибратнама
Жарнама

Бүгін біз қайда бардық? Бұл күнімізге шейін қаншама ел мен жерді, тау мен тасты ешкімнің мұқтажынсыз (бір Алланың мейірімімен) өз аяғымызбен кездік? Сәулеті асқан шаһарларға, көркіне көз сүйінген қаншама мекенге саяхат жасадық? Ал, осы кезге дейін бір рет шүкір айттық па? Кей-кейде аяғым шаршап кетті, деп налимыз. Шаршайтын аяғымыздың барына шүкір қылдық па?

Біреулер бар... Қалаған көлігіне таңдап мінеді. Бірақ, автобусты асыға күтіп, әр мінгенде төлейтін 90 теңгесін санап жүргендерге қарап шүкіршілік етпейді. Сондай-ақ, осы автобустағылар бар. Әр тиынын отбасыма деп, қаланың екі шетін жаяу кезетіндерге қарап шүкіршілік етпейді. Сол жаяу кезетіндердің арасында да кей адамдар бар. "Менің көлігім жоқ, жаяу жүруден шаршадым" дейтін-ді. Бірақ, аяғы жоқ болса да Аллаға шүкір айтып отырған қаншама адамдар бар.

Сенің ешқандай көлікке айырбастамас байлығың – аяғың бар. Онда неге көлігім жоқ деп налисың?

Қаншама аяғы жоқ адамдардың қасында сен қандай бақыттысың. Ендеше –  шүкіршілік ет. Өйткені, аса қамқор, ерекше мейірімді Алла “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп біздерге ескертеді («Ираһим» сүресі, 7-аят).

Алланың берген аяғымен тек жақсылыққа қадам басайық. Бұл дүниеде «Судың да сұрауы бар» болса, ақыретте,  «Алмақтың да салмағы бар». Он екі мүшеміз бізге тек қайырлы іске куә болғай...

Бөлісу: