26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

 Бір күні сахаба Үбәй ибн Кағыб (р.а.) пен хазірет Омар (р.а.) бір мәселеде таласып, қазыға барып жүгінеді. Қазы халифаның келгенін көргенде, орнынан ұшып тұрып орындық ұсынады. Бірақ бұл аңдаусызда Омардың (р.а.) ашуын туғызады:

– Сен төрелігіңді бастамай жатып алдыңа келген адамдарды алаладың. Мен бұл жерге халифа ретінде емес, сенен әділет іздеген қарапайым мұсылман ретінде келіп отырмын. Менің халифалығым бұл жерде есепке алынбауы тиіс!

Омар (р.а.) осыншалықты әділдікке жіті мән берген жан. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған «Фаруқ» деген лақап ат қойған. 

 

"Тағылым таразысы"

 

 

 

Қалың қалай? Аман ба? Иә, тәубе. Бұл, көне көз қариялар аман-саулық сұрасқанда айтатын сөздердің легінен. Тәубе деп жағдайы жақсы екенін айтқысы кеп тұр. Дегенмен, тәубе – күнә үшін кешірім сұрау сөзі. Демек, бір қарағанда «жағдайым жақсы» дегеннің орнына «тәубе» деп айту қисынсыз. Алайда, атам қазақ бұл сөздің пайымына бармай, жөнсіз қолданған деу қателік. Керісінше, мұнда сөздің парқына бармай отырған біз.

Жас бір жігіт дәрет алайын деп білегін сыбанғаны сол екен, шайтан лағынеті жүгіріп келіп, былай деп сыбырлайды: «Жап-жас болып не көрінді сонша? Оралыңның барында ойнап күлмейсің бе? Бұл дүниеге екі рет келмейсің ғой. Ертең жасың келіп, қартайған кезде де құлшылық жасап үлгересің».

Алла Тағала ақылды жаратқанда, оған: «Әй, ақыл, бері қара!» деп бұйырады. Ақыл қарағанда, «Мен кіммін? Сен кімсің?» деп сұрайды. Ақыл «Сен құдіретті Жаратушысың, мен жаратылған мақұлықпын» деп жауап береді. Алла Тағала бұл жауапты естігенде «Әй, ақыл, сенен асқан абыройлы нәрсе жаратпадым» дейді.

Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Сәбилерінің науқасын уайымдаған Әли мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады.

Араб елдерінің біріндегі мешіт қызметкері айтып берген әңгіме:

«Әрдайым намаздан кейін мешіт алдында тұрып жұртшылықты мешітке Құран үйренуге, тыңдауға шақыратынмын. Бірде жүрісі тәлтіректеген адам мешіт алдынан өтіп бара жатты, әлгі адамды мешітке шақырып едім, артымнан ере бастады. Мен болсам қуанып, бір адам болса да ілескеніне риза болдым.