Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұр. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін, оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл әрине, жалған болатын. Өйткені алдыңғы қатарда өзі жақсы көре қоймайтын бір бала бүрісіп отыр. Басқа оқушылар да онымен былтырғы оқу жылында танысқан. Сол кездің өзінде-ақ, ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын, және киімінің лас екенін, ешқашан жуынбағандай күлімсі иіс шығатынын байқаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы өзгере бастады. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екілік деген бағаны аямай қоятын жағдайға жетті.
Жақсы жар таңдаңыз!
Алла тағала бұл дүниеде әрбір тіршілік иесін жұп- жұбымен жаратқаны белгілі. Соның ішінде ақыл- ес, сана-сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі ерсі секілді. Сондықтан да етек- жеңін жиып, әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі құптарлық.
Алақандай жүрек
Кез келген пенденің денесінде бір кесек ет бар. Ол - жүрек. Сол жүрек күнә істесең қараяды, дүние қусаң жарылады. Ал оны ақшамен жамаймын деу бекершілік. Оны тек дүние мен ақшадан алыс қылатын иман ғана жамай алады. Шайтан пендені кедейлікпен қорқытады. Ал оған иманы әлсіз пенденің жүрегі қарсы айырылады. Сондықтан да иман күшті болса, жүрек жарасының емі сол!
Жақсылықты шартсыз жаса
Ибраһим пайғамбардың бойындағы ең тамаша ерекшеліктердің бірі, жомарттығы мен қонақжайлылығы еді. Оның дастарханында күн сайын танитын яки танымайтын қонақтардың келуін қалайтын.
Тақ пен табыттың иесі болмайды
Осман империясының 10-шы падишахы Сүлеймен Сұлтан (1494-1576) 46 жыл ел басқарып ең көп тақта отырған әрі ең көп жорыққа шықан падишах. Сол падишах өлім аузында жатқанда өзінің әскери қолбасшысын шақырып: «Ертең алда-жалда дүниеден өтіп кететін болсам, мынандай үш өтінішімді өсиет етемін » – деп айтқан екен:
Өміріміздегі 1 мен 0-дер
Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал бұл болса жетістіктеріңіз.
Бақытыңа орай саған көмек көрсете аламын
Американдық бір бай іскер адам жұмыс бабымен Мексикада болып, кішкентай бір мексикадағы ауылға соғады. Судың жағасында отырып, бір кіші кеме көреді. Кеменің іші толған балық. Балықшының жанына барып: “Сәлеметсіз бе, осыншама балықты аулауға қанша уақытыңыз кетті?” – дейді. Балықшы бар жоғы бір-екі сағатының кеткенін айтады.
«Ашулы жұдырық – күліп тұрған бетті ұра алмайды»
Жұмсақтық – адам бойындағы ең асыл, баға жетпес мінездің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, байыпты, байсалды, ашуға бой алдырмайтын, сабырлы, шыдамды, көңілдің күйін алыстан бағамдайтын парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда тілді келеді. «Қауызында дәні жоқ – сабан мінезді адам болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам болады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай кезде де рухани осалдық, жабайы мінез ретінде сынға алынып, ал жұмсақтық қай халықта да игі саналған.
Намаз тастап кетпес үшін... (кеңестер)
Намазын аялағысы келетін, ең ұлы құлшылықтың өзін тастап кетуінен қорқатын мұсылман бауырларымыз үшін пайдалы кеңестер:
Намазың дұрыс болсын десең...
Имам Тирмизи (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа) былай деген:
Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырды
Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді."Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді дәрігер.