27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Дұғаның бұрын болған бәлеге де, әлі болмаған нәрсеге де септігі тиеді.  Ғибадаттың ең абзалы – Алладан жақсылықтың боларын күту. Ал сіз Алла Тағаладан ризық, байлық, несібе сұрағанда осы дұғаны оқыңыз.

Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Ендеше дұға жасауды тоқтатпаңыз. Отбасыңызға амандық, деніңзге саулық сұрау үшін мына дұғаны оқыңыз.

Мұсылман кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Өйткені, Алла – адамға Қамқоршы, Жауап қатушы, Сый Беруші, Қайыр есіктерін ашушы, Ризық Беруші, Шипа Беруші, Сақтаушы, Көмектесуші, Амандық Беруші. Егер сіздің таудай қарызыңыз болса да, құтылуға көмектесетін мына дұғаны оқыңыз.

Адам ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, құтқарушыға, қарызға батса, ақшадан тарықса байлыққа, қателессе тәубеге мұқтаж. Және мұның бәрі де адамға уайым-қайғы сыйлайды. Жүрегінің тыныштығын алады. Ой мен жүрек тыныш болмаса, барлық нәрсенің берекесі қашады. Мұндай жағдайда мұсылман сондай бақытты жаратылыс! Ол кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Ал мына дұғаны оқыған адамға Алла Тағала молынан сауап жазады.

Күнделікті өмірімізде дұғаларды жиі оқып, Алланы жиі еске алып жүрген адамның тілегі қабыл болады. Алланы үнемі еске алудың төте жолы, күнделікті өмірімізде жиі қолданатын дұғаларды айтып жүру. Олай болса, мазасыздықта, уайым қайғыда оқылатын таңдаулы дұғалар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Біз жалған өмірде қарапайым ғана нәрселерге көп уақыт жұмсап, күш салмайтын дүниеге бола қуатымызды тауысамыз. Алайда, біз бір нәрсені ұмытып кетеміз. Сіз мына өмірде жиі шағымданатын 10 жағдайға Құраннан мынадай нақты жауап алыңыз.

Алла Тағала сізді сынаса – үніңізді естігісі келгені, ал дұға жасауға мүмкіндік берсе – жауап бергісі келгені.  Қиындықтағы мұсылманның ең бірінші амалы – дұға жасау. Ендеше, кездескен қиындықтарыңызды дұға деген қарумен жеңіп шығыңыз. Ал мына дұғаны оқыған адам ешбір жамандыққа ұшырамайды.

Дұға жасауды жақсы білген адам, уайымдап, бірден мазасыздыққа берілмегені жөн. Алла өте Жақын әрі Естуші, Қабыл алушы. Жаны қиналып, күйзелген адам жалбарынып дұға қылса, Ол қабыл алады. Қиындыққа ұшыраған сәтте бірден уайымға берілмей тұрып, алдымен осы дұғаны оқып алыңыз.

Бір жағдайдың үнемі жалғаса беруі мүмкін емес. Жақсылық, кеңшілікті күту – ғибадаттың ең абзалы. Ендеше сіз сол жақсылықты сабырмен күтіңіз де, Алладан жәрдем сұрайтын мына дұғаны оқыңыз.

Жәннат – мұсылман қауымының мәңгілік бақыт мекені.  Біз амал еткен, арман еткен Жәннатта жақсылықтар жасырылған сегіз есік бар. Ал осы амалды жасаушыға Жәннаттың сегіз қақпасы да ашылады.   

Мұсылман кісі жеген асының шариғатқа сай адал және таза болғанына мән береді. Өйткені, бұл Жаратушымыздың әмірі. Алла Тағала көптеген аятта таза әрі адал аспен азықтануды бұйырған. Аяттардың бірінде былай деген: «Ей адам баласы! Жер-жүзінде өздеріңе арналған адал, таза тағамды жеңдер!..»[1]. Ендеше таза әрі адал тағаммен азықтануымыз маңызды.