25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мына дұғаны оқыған адамға Алла Тағала молынан сауап жазады

Ғибратнама
Жарнама

Адам ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, құтқарушыға, қарызға батса, ақшадан тарықса байлыққа, қателессе тәубеге мұқтаж. Және мұның бәрі де адамға уайым-қайғы сыйлайды. Жүрегінің тыныштығын алады. Ой мен жүрек тыныш болмаса, барлық нәрсенің берекесі қашады. Мұндай жағдайда мұсылман сондай бақытты жаратылыс! Ол кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Ал мына дұғаны оқыған адамға Алла Тағала молынан сауап жазады.

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы дұға туралы былай деген: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзіне разы ету Алла Тағалаға тиесілі іс болады  (яғни, Алла Тағала оған молынан сауап жазады да, ол Аллаға разы болады)». Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Муснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі».

رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبًّا ، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا ، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا

Оқылуы: «Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә...»

Мағынасы: «Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разы болдым...»

ummet.kz

Бөлісу: