Бұл амал – өзгеге жақсылық тілеу арқылы, өзіңізге де жақсылық тілеуді, жүректі тазартуды, мұсылмандармен бауырластықты нығайтуды насихаттайды.
Муслимнің сахих хадистер жинағында мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер: «Әумин, Алла саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен.
Ал Бұхари: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді. Бұл – оның көзінше жасалған дұғадан да артық.
Сонымен қатар, Тирмизи «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды.
Біріншісі – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы.
Екіншісі – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді.